О внесении изменения в постановление акимата города Туркестан «от 26 декабря 2019 года № 1894 Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении по городу Туркестан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қаласы әкімдігінің «2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1894 Түркістан қаласындағы жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың біріңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1894 «Түркістан қаласындағы жолаушылар мен богажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың біріңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5341 тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген қаулының 2-тармағындағы «Жолаушыларға, егер ол жеке орын алмаса, өзімен бірге жеті жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүру құқығы берілсін және 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу процентін төлеу осы қаулының 1 тармағында көрсетілген көлемінде белгіленсін» деген сөздер «Жеті жасқа дейінгі балаларды, егер ол бөлек орынға ие болмаса тегін тасымалдау және 7 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жол жүру құжатының (билетінің) жалпы құнының елу процентін төлеу құқығы берілсін» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Базарқұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Ғ.Сарсенбаев