О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 апреля 2019 года № 287 «Об утверждении Правил по организации социальной адаптации лиц, увольняемых из Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18618 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік бейімдеуге жататын адамды қызметтен шығарылғанға дейін 6 ай бұрын кадрлық әскери басқару органдары әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етуге, оның ішінде әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтық мамандық алу мақсатындағы құқығы туралы жазбаша хабардар етеді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды тиісті мамандық бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарау үшін кадр органы тоқсан сайын қызмет өткеру орны бойынша бос орындарға мониторинг жүргізеді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комиссия тоқсанына бір рет әлеуметтік бейімдеуге жататын адамдармен әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде психологиялық қолдау және психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.