О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 26 февраля 2019 года № 49/2 «Об утверждении схемы пастбищеоборотов по Майскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы
26 ақпандағы «Май ауданы бойынша жайылым айналымдарының
схемасын бекіту туралы» № 49/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы «Май ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» № 49/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6269 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының атауы «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Май ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» болып жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Май ауданы бойынша
жайылым айналымдарының схемасы
Май ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «5» шілдедегі № 177/7
қаулысына қосымша
Май ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «26» ақпанда № 49/2
қаулысына қосымша
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Май ауданы бойынша
жайылым айналымдарының схемасы
Шартты белгілер: