О внесении изменения в решение маслихата Катон-Карагайского района от 26 октября 2021 года № 11/113-VII «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Катон-Карагайского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы Катонқарағай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/113-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 2-3 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы Катонқарағай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/113-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25081 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімге қосымшаның 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 5
«5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 10,1734 (он бүтін тоғыз мың үш жүз елу тоғыздан он мыңдық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.