О признании утратившим силу совместного приказа Министра финансов Республики Казахстан от 26 февраля 2021 года № 159 и Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 марта 2021 года № 52 «Об утверждении Правил, срока и формы представления уполномоченным органом по делам государственной службы сведений по политическим и административным государственным служащим из единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 159 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 52 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 159 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 52 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.