О внесении изменений в решение маслихата района Бәйтерек от 26 января 2021 года № 2-4 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в районе Бәйтерек» Күшін жойған
Басқа 0
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 2-4 «Бәйтерек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 2-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6818 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»;
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын»;
аталған шешіммен бекітілген қосымшасында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі»;
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Осы Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды»;
7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 7
«7. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды, магистратураны қоса алғандағы күндізгі оқыту нысандарында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды, өзге тұлғаның күтіп-бағуын қажет ететін сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек етуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды»;
13 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 13
«13. Уәкілетті орган тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.