О внесении изменения в постановление акимата Майского района от 26 мая 2022 года № 102/5 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики и развития языков Майского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Май ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 102/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына сәйкес, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 7-04/1794 хаты негізінде, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Май ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 102/5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 2-бөлімнің 20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 5) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану; 5-тармақша мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: 5-1) «Азаматтарды қандай да бір белгілер бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру; 5-2) «Рұқсаттар мен хабарламала туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның елді мекендерінде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қаруды жүзеге асырады.
Тармақша 5-3
5-3) «Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше атауларын дұрыс жазу және орналастырылуын келісуді жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын; осы қаулы Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 4
4. Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 06 қаңтардағы «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 6/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.