О внесении дополнения в постановление акимата Камыстинского района от 26 мая 2022 года № 108 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства акимата Камыстинского района» Қолданыста
Басқа 0
Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 108 «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қамысты ауданы әкімдігінің «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2022 жылғы 26 мамырдағы № 108 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) қараусыз қалған жануарларының санын реттеу бойынша іс-шараларды жүргізу.».
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға және Эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдауын;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.