О внесении дополнений в постановление акимата Алтынсаринского района от 26 апреля 2022 года № 46 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата Алтынсаринского района» Қолданыста
Басқа 0
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 46 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 46 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды»;
«бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді»;
«мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді»;
«мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді».
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлау;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.