О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 26 декабря 2022 года №27-18/1 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Зайсанскому району» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №31535 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 4
«4) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану Қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.