О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Председателя Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 26 октября 2023 года № 1-НҚ «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета водного хозяйства Министерства водного ресурсов и ирригации Республики Казахстан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және иригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының м.а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының м. а. 2023 жылғы 26 қазандағы №1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшадағы 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу мен қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Түркістан облысында және Шымкент қаласында бөлімдері бар.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшадағы 1 - тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу мен қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады, Алматы қаласының, Алматы облысының, Жетісу облысының аумағына, Жамбыл облысының ішінара Мойынқұм және Қордай аудандарына, Балқаш қаласы, Приозерск қаласы, Қарағанды облысының Ақтоғай және ішінара Қарқаралы және Шет аудандарына, сондай-ақ Абай облысының Үржар және Аягөз аудандары аумақтарына өкілдігі таратылады және қызметі жүзеге асырылады. Инспекцияның Жетысу облысында бөлімі бар.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларда: 19-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) Инспекцияны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынуға;»; 19-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Инспекцияның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беруге міндетті.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.