О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 11-1-4/327 «Об утверждении Правил организации «одного окна» для инвесторов, а также порядка взаимодействия при привлечении инвестиций» Қолданыста
Басқа 0
«Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бектілген Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 8. Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
2026 жылғы 8 маусымдағы
№ 11-1-4/313 Бұйрыққа
қосымша
«Инвесторлар үшін «бір
терезені» ұйымдастыру
қағидаларын, сондай-ақ
инвестициялар тарту кезінде
өзара іс-қимыл жасау
тәртібін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 11-1-4/327 бұйрығымен
бекітілген
Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидалар сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде, оның ішінде ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (бұдан әрі – ҰЦИП) арқылы инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай-ақ инвесторлар үшін көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру және цифрландыру арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) елдік инвестициялық бағдарлама – Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды iске асыруға қызығушылық бiлдiретiн шетелдiк инвесторларды нақты мақсатты бағыттау үшiн Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қалыптастырған бағдарлама;
Тармақша 2
2) «жасыл дәліз» – осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жедел тәртіппен ұсынуды көздейтін инвестициялық жобалар үшін арнаулы рәсім;
Тармақша 3
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi» № 1118 қаулысына сәйкес инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) инвестициялар тарту жөніндегі кеңес – Қазақстан Республикасының аумағында пысықталатын және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша, оның ішінде кейінге қалдыру шарттарын ескере отырып, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында, сондай-ақ Үкімет басшылығының деңгейінде шешімдер қабылдауды талап ететін инвестициялық жобалар бойынша мәселелерді қарау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 5
5) инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйым (бұдан әрі – өңірлік ұйым) – инвестицияларды тарту және инвесторларды сүйемелдеу мақсатында жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 6
6) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания (бұдан әрі – ұлттық компания) – өз қызметін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-2-бабына сәйкес жүзеге асыратын, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания мәртебесі бар заңды тұлға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері;
Тармақша 7
7) инвестицияларға тапсырыс – экономикалық жоспарлар мен міндеттер осы өңір үшін заңмен белгіленген өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары және басқа да факторлар негізінде белгілі бір салаға және (немесе) өңірге қатысты өңірлік және (немесе) орталық деңгейдегі фронт-офис субъектілері тиісті түрде ресімдейтін және дайындайтын инвестицияларға деген облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың қажеттілігі;
Тармақша 8
8) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа объектілер мен өндірістерді құруға, қолданыстағыларын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға, сондай-ақ басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құруға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
Тармақша 9
9) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы – құны 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден асатын, экономиканың барлық саласында іске асырылатын және пысықталатын жоғары немесе орташа басымдықты санаттарға жататын инвестициялық жобалар тізбесі;
Тармақша 10
10) инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулы – базалық басымдық санатына жататын құны 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеге дейінгі экономиканың барлық саласында іске асырылатын және пысықталатын базалық басымдықты инвестициялық жобалар тізбесі;
Тармақша 11
11) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 12
12) инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты (бұдан әрі - «бір терезе» қағидаты) – инвесторлардың құжаттарды жинауға және дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдары тарапынан инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және өзге де ұйымдар көрсететін басқа қызметтерді алуға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;
Тармақша 13
13) «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеу – инвестицияларды тарту саласындағы Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар тарапынан инвесторға ақпараттық, консультациялық, ұйымдастырушылық жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешенi;
Тармақша 14
14) Task Force – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемiнде жетi жарым миллион еселенген мөлшерiндегi инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін, инвестициялар туралы келісімдерге қол қоюға жататын, және осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген «жасыл дәліз» өлшемшарттарына сай келетін инвестициялық жобалар пулын қалыптастыруға және сүйемелдеуге жауапты Ұлттық компанияның құрылымдық бөлiмшесi;
Тармақша 15
15) өңірдің инвестициялық бағдарламасы – өңірдің қажеттіліктері ескеріле отырып, инвестицияларды тарту үшін жергілікті атқарушы орган қалыптастырған бағдарлама;
Тармақша 16
16) ұлттық цифрлық инвестициялық платформа – инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) фронт-офистер жүйесі – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мүдделі органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін, консультациялар беру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну, кездесулер, келіссөздер және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымын өткізу үшін қажетті инфрақұрылымы бар арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылатын үш деңгейлі жүйе (сыртқы, орталық және өңірлік деңгей).
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеуді ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Инвесторлармен сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде өзара іс-қимыл жасау
1-параграф. Инвесторлармен сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде өзара іс-қимыл жасау
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар шеңберінде инвесторларды сүйемелдеу сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлердегі фронт-офистердің қызметі арқылы, оның ішінде ҰЦИП арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері, Ұлттық компанияның шетелдік өкілдері мен өкілдіктері сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері болып табылады.
Ұлттық компания, оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата), «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы орталық деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары айқындайтын өңірлік ұйымдар және олардың бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық палатаның өңірлік кәсіпкерлер палаталары, сондай-ақ инвестициялық саясатты іске асыруға, инвестициялық жобаларды іске асыруға және сүйемелдеуге жауапты, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті, инвестициялық қызметті қолдау мен шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы ұйымдардың өкілдері мен өкілдіктері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері болып табылады.
Тармақ 4
4. Сыртқы деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің жұмысы мынаны білдіреді:
Тармақша 1
1) әлеуетті инвесторларды ақпараттық-консультациялық қолдауды жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
Тармақша 2
2) әлеуетті инвесторлардың, оның ішінде трансұлттық компаниялардың Қазақстан Республикасына сапарларын сүйемелдеу;
Тармақша 3
3) шетелдік компанияның, оның ішінде зәкірлі және трансұлттық компаниялардың Қазақстан Республикасына инвестициялау ниеттерін растайтын құжаттарға қол қою;
Тармақша 4
4) экономиканың барлық саласында әлеуетті шетелдік инвесторларды сәйкестендіру;
Тармақша 5
5) болу елінде үкіметтік, үкіметтік емес және корпоративтік секторлардың компанияларымен іскерлік байланыстар орнату;
Тармақша 6
6) шетелдік инвесторлардың жалпы дерекқорын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елшілігін немесе консулдығын хабардар ете отырып, жетекшілік ететін елде ірі компаниялармен, оның ішінде зәкірлі және трансұлттық компаниялармен кездесулер өткізу;
Тармақша 7
7) өткізілген кездесулер және инвестициялық жобаларды пысықтау барысы туралы есептік ақпаратты уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 8
8) инвестицияларды тарту мәселелері бойынша екіжақты сапарларға, іскерлік кеңестерге қатысу;
Тармақша 9
9) болу еліндегі іскерлік қоғамдастықтарда инвестициялық ұсыныстарды ілгерілету;
Тармақша 10
10) болу елінің аумағында инвестициялық сипаттағы іс-шараларды (бизнес-форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру және қатысу арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету;
Тармақша 11
11) болу елдерінің мүдделі топтарына Қазақстан Республикасында және болу елінде алдағы өтетін ең маңызды инвестициялық іс-шаралар туралы хабар беру;
Тармақша 12
12) шетелдік ірі компаниялардың тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 13
13) кездесулердің, ұйымдастырылған сапарлардың және қол қойылған меморандумдардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген инвестициялық уағдаластықтардың іске асырылуына талдау жүргізу;
Тармақша 14
14) елдік талдауды қалыптастыру үшін ақпарат жинау;
Тармақша 15
15) инвесторлардың жүйелі проблемалық мәселелерін анықтау және олар бойынша ұсынымдарды енгізу;
Тармақша 16
16) тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету және уәкілетті органға есеп ұсыну;
Тармақша 17
17) мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) инвестициялық жобалар мен бастамалар бойынша ҰЦИП-да ақпаратты қалыптастыру және өзектендіру;
Тармақша 19
19) инвестициялық қызмет туралы деректерді жыл сайын жаңарта отырып, елдік инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 20
20) елдік инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 5
5. Орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің өз өкілеттіктері шеңберіндегі жұмысы мынаны білдіреді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 2
2) инвесторлардың қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізу, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 3
3) құрылтай құжаттарына сәйкес қолда бар өкілеттіктер шегінде инвесторларға туындаған мәселелерді шешу, оның ішінде мемлекеттік органдармен кездесулер өткізуге бастамашылық жасауда көмек көрсету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
Тармақша 5
5) инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтарды іске асыруды сүйемелдеу;
Тармақша 6
6) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ұйымдар көрсететін қызметтерді алуда инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 8
8) инвестициялық жобалар бойынша ҰЦИП-да ақпаратты қалыптастыру және өзектендіру;
Тармақша 9
9) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулын қалыптастыру;
Тармақша 10
10) инвестицияларға тапсырысты қалыптастыру, сондай-ақ осы инвестицияларға тапсырыстың негізінде инвесторларды іздестіру туралы сұрау салуларды жіберу.
Тармақ 6
6. Орталық деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуін қамтамасыз етуге де жәрдем көрсетеді;
Тармақша 2
2) инвесторларға қаржыландыруды құрылымдау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін рұқсат беру құжаттарын алу үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жәрдем көрсетеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері:
Тармақша 1
1) Ұлттық компания немесе оның шетелдік өкілдері мен өкілдіктері ұйымдастырған, оның ішінде шет мемлекеттің аумағында ұйымдастырған инвестициялық тақырып бойынша іс-шараларға қатысуды;
Тармақша 2
2) тоқсан сайынғы негізде есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей Ұлттық компанияға өңірдегі инвестициялық қызмет, оның ішінде инвестицияларды талап ететін өнеркәсіптік-инновациялық ивестициялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты дайындауды;
Тармақша 3
3) инвесторларға инженерлік коммуникациялар жүргізуге, жер учаскелері бойынша ақпарат алуға, оларды ресімдеуге, беруге, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру үшін рұқсат беру құжаттарын алуға жәрдем көрсетуді;
Тармақша 4
4) Ұлттық компаниямен бірлесіп өңірдің инвестициялық бағдарламасын қалыптастыруды және оны есептік жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін жыл сайынғы негізде ҰЦИП-да жаңартуды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Барлық деңгейдегі фронт-офистер Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткізілетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шаралары шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік тараптар арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар (жасалған келісімдер, меморандумдар, келісімшарттар және коммерциялық шарттар қамтылған өзге де құжаттар) туралы ақпаратты ҰЦИП-ға енгізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы» қағидаларының 33-тармағы екінші бөлігін орындау үшін есепті тоқсанның соңғы айының 25-іне дейін олардың орындалу барысы туралы мәліметтерді жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Орталық және өңірлік деңгейлерде инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша уәкілетті органның ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
2-параграф. Орталық және өңірлік деңгейлерде инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша уәкілетті органның ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган Ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) кеңестерді ұйымдастыру және жұмыс топтарын құру жолымен проблемалық мәселелерді шешу бойынша инвесторларға жәрдем көрсетеді;
Тармақша 2
2) инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысына инвестициялық ахуалды және инвестициялық жобаларды, оның ішінде іске асырылуында прогресс жоқ жобаларды жақсарту бойынша мәселелерді шығарады;
Тармақша 3
3) инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат сұратады;
Тармақша 4
4) Ұлттық компанияның орталық және өңірлік деңгейлердегі фронт-офистердің қызметі туралы есебін, соның ішінде ҰЦИП арқылы қабылдайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ орталық және өңірлік деңгейлердегі фронт-офистер субъектілері көрсететін басқа да қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бойынша сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін Ұлттық компаниядан ақпарат сұратады;
Тармақша 6
6) Ұлттық компаниядан елдік және өңірлік талдау нәтижелерін, сондай-ақ инвестициялар тарту саласындағы халықаралық тәжірибе нәтижелерін сұратады;
Тармақша 7
7) инвестордың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының заңдарға (салық салу, технологиялар трансферттері, визалық қолдау), Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарынан тыс қаралуы мүмкін заң жобаларына түзетулерге бастамашылық жасайды;
Тармақша 8
8) ҰЦИП-ның жұмыс алгоритмдеріне өзгерістер енгізуді келіседі;
Тармақша 9
9) Ұлттық компанияға өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыратын тапсырмалар жібереді;
Тармақша 10
10) Task Force қызметіне өз ұсынымдарын енгізеді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган барлық деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) сыртқы және орталық фронт-офистердің мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ келісу бойынша өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;
Тармақша 2
2) барлық деңгейдегі фронт-офистердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде олардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін әзірлейді және барлық деңгейдегі фронт-офистерге жібереді;
Тармақша 4
4) барлық деңгейдегі фронт-офистердің қызметіне бағалау жүргізеді;
Тармақша 5
5) инвесторлармен өткізілген кездесулер мен жүргізілген келіссөздер қорытындылары туралы ақпарат сұратады;
Тармақша 6
6) Ұлттық компанияның және өңірлік ұйымдардың инвестициялық іс-шараларының тақырыбын, өткізу күнін және орнын келіседі;
Тармақша 7
7) сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің қызметі бойынша есептілікті ҰЦИП арқылы қабылдайды;
Тармақша 8
8) барлық деңгейдегі фронт-офистердің қызметіне өз ұсынымдарын енгізеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Ұлттық компанияның және өңірлік ұйымдардың Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ инвестицияларды тарту мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
3-параграф. Ұлттық компанияның және өңірлік ұйымдардың Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ инвестицияларды тарту мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
Тармақ 11
11. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері, жергілікті атқарушы органдар барлық деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) барлық деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің өтініші бойынша инвесторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты ілеспе көрсетілетін қызметтерді алуға арналған өтінімді дайындау және ресімдеу үшін қажетті материалдарды, құжаттарды және өзге де ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) барлық деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің өтініші бойынша электрондық немесе жазбаша нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін уақытылы түсіндіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Ұлттық компания сыртқы деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) сыртқы деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің сұрауы бойынша:
инвестормен кездесулер өткізеді, қажет болған жағдайда оның тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, оның ішінде өңірлік деңгейде кездесулерін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін құжаттарды жинау, дайындау және ресімдеу кезінде ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының және өңірлердің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық ахуалы туралы талдамалық және ақпараттық материалдарды жібереді, оларда:
климаты, халқы, коммуналдық қызметтердің, электр энергиясының тарифтері, бағыттар, логистика;
өңірлер бойынша бөле отырып, инвестицияларды талап ететін инвестициялық жобалар және тауаша инвестициялық жобалар;
шетелдік инвесторлар үшін әлеуетті әріптестер;
дайын және жоспарланып отырған индустриялық алаңдар;
кадрлық әлеует;
мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат қамтылады;
Тармақша 3
3) инвесторлармен жұмысты жақсарту мақсатында семинарлар өткізеді;
Тармақша 4
4) елдік инвестициялық талдау жүргізу үшін ақпарат сұратады.
Тармақ 13
13. Ұлттық компания өңірлік деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің сұрау салулары бойынша мемлекеттік қолдауды ұсыну шаралары, тәртібі, шарттары мен көлемдері туралы ақпаратты, оның ішінде инвесторлар үміткер болуы мүмкін қолдау құралдары туралы ақпаратты ұсынады;
Тармақша 2
2) инвесторлармен жұмысты жақсарту жөнінде семинарлар өткізеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында құжаттарды жинау, дайындау және ресімдеу кезінде ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға ақпарат ұсыну мақсатында атқарылған жұмыс туралы есеп сұратады;
Тармақша 5
5) өңірлік инвестициялық талдауды қалыптастыру үшін ақпарат сұратады.
Тармақ 14
14. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистер уәкілетті органмен және Ұлттық компаниямен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсайды;
Тармақша 2
2) өңірдің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық ахуалы туралы талдамалық және ақпараттық материалдарды жібереді, оларда:
климаты, халқы, коммуналдық қызметтердің, электр энергиясының тарифтері, бағыттар, логистика туралы және басқа да ақпарат;
инвестициялық жоба бойынша жартыжылдық негізде өзекті ақпараты және есеп-қисабы бар (қаржылық көрсеткіштер, тұтыну, экспорт және импорт, экспорттық әлеует және басқа да ақпарат), инвестицияларды талап ететін тауаша инвестициялық жобалар;
шетелдік инвесторлар үшін әлеуетті әріптестер;
дайын және жоспарланып отырған индустриялық алаңдар;
кадрлық әлеует туралы ақпарат қамтылады;
Тармақша 3
3) ҰЦИП-ға ұсынылған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;
Тармақша 4
4) шетелдік инвестициялар қатысатын табысты инвестициялық жобалардың іске асырылуын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша бірлескен жұмысты жүргізеді;
Тармақша 5
5) өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында әзірленетін таныстырылымдық және имидждік материалдардың инвестициялық жобаларын келісуге жібереді;
Тармақша 6
6) инвестордың сұрау салуы бойынша ақпаратты өтініш тіркелген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді;
Тармақша 7
7) дипломатиялық арналар арқылы шетелдік тараппен инвестициялық ынтымақтастық туралы ресми хат алмасу жүргізеді.
Тармақ 15
15. Сыртқы деңгейдегі фронт-офистер өңірлік деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) елдік және өңірлік талдаулармен алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) инвесторлардың жергілікті әріптестерді іздестіру туралы сұрау салуларын жолдайды;
Тармақша 3
3) әлеуетті инвесторлар туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 4
4) әлеуетті инвестициялық жоба туралы деректерді оны іске асырудың қажеттілігін анықтау үшін жібереді.
Тармақ 16
16. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистер сыртқы деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) инвесторларды іздестіру бойынша сұрау салулар жібереді;
Тармақша 2
2) әлеуетті тауаша инвестициялық жобалар туралы ақпарат береді.
Тармақ 17
17. Cыртқы деңгейдегі фронт-офистер орталық деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) инвесторларға консультациялар беру үшін қажетті ақпарат сұратады;
Тармақша 2
2) елдік инвестициялық талдау үшін ақпарат ұсынады және тоқсан сайын ҰЦИП-да есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін өзектендіре отырып, Ұлттық компаниямен бірлесіп елдік инвестициялық бағдарламаны қалыптастырады;
Тармақша 3
3) әлеуетті инвесторлар тізбесін қалыптастырады және ұсынады;
Тармақша 4
4) дайын инвестициялық ұсыныстарды, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша дайындалған ұсыныстарды таргеттей отырып, әлеуетті инвесторлармен нақты келіссөздер жүргізеді.
Тармақ 18
18. Орталық деңгейдегі фронт-офистер уәкілетті органмен және Ұлттық компаниямен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсайды;
Тармақша 2
2) инвесторларға қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты адамдарды және ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік және басқа да қызметтерді ұсыну мерзімдерін бірлескен бұйрықпен айқындайды;
Тармақша 3
3) ҰЦИП-ға ұсынылған инвестициялық жобалар бойынша атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;
Тармақша 4
4) инвестициялық жоба бойынша жартыжылдық негізде өзекті ақпараты мен есеп-қисабы бар (қаржылық көрсеткіштер, тұтыну, экспорт және импорт, экспорттық әлеует), инвестицияларды талап ететін тауаша инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жібереді;
Тармақша 5
5) инвестордың сұрау салуы бойынша ақпаратты өтініш тіркелген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қолдауды ұсыну шаралары, тәртібі, талаптары мен көлемдері туралы ақпарат, оның ішінде инвесторлар үміткер болуы мүмкін қолдау құралдары туралы ақпарат алмасады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасындағы және шет елдің аумағындағы инвестициялық іс-шараларға (бизнес-форумдар, конференциялар, семинарлар, вебинарлар) қатысады;
Тармақша 8
8) дипломатиялық арналар арқылы шетелдік тараппен инвестициялық ынтымақтастық туралы ресми хат алмасуды жүргізеді;
Тармақша 9
9) экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық мүмкіндіктерін және мемлекеттік қолдау шараларын таныстыру мақсатында әзірленетін таныстырылымдық және имидждік материалдардың инвестициялық жобаларын келісуге жібереді;
Тармақша 10
10) бірлескен бұйрық негізінде шетелдік инвестициялар қатысатын табысты инвестициялық жобалардың іске асырылуын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.
Тармақ 19
19. Уәкілетті орган және Ұлттық компания фронт-офистер жүйесімен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвестордың сұратуы бойынша ақпарат алмасады;
Тармақша 2
2) Қазақстанның инвестициялық ахуалы, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау туралы бірлескен семинарлар (вебинарлар) өткізеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Инвестициялық жобаларды «жасыл дәліз» арқылы жүргізу тәртібі
4-параграф. Инвестициялық жобаларды «жасыл дәліз» арқылы жүргізу тәртібі
Тармақ 20
20. «Жасыл дәліз» өлшемшарттарына жататын инвестициялық жобалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің шешімімен айқындалған жеделдетілген тәртіппен алады.
Тармақ 21
21. «Жасыл дәліздегі» инвестициялық жобалар бойынша проблемалық мәселелер анықталған жағдайда, мұндай жобалар бойынша шешімдер қабылдау сонымен қатар Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің отырыстарында жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жеті жарым миллион еселенген мөлшерінен басталатын «жасыл дәліздегі» инвестициялық жоба Task Force одан әрі сүйемелдеуге беріледі.
Тармақ 23
23. Инвестициялық жобаны «жасыл дәлізден» алып тастау негіздері:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаны ҰЦИП-дан алып тастау;
Тармақша 2
2) инвестициялық жоба көрсеткіштерінің «жасыл дәліздің» белгіленген өлшемшарттарына сәйкестігіне әсер ететін дәйексіз ақпарат беру;
Тармақша 3
3) «жасыл дәліз» өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне алып келген жоба көрсеткіштерінің (инвестициялар сомасы, саланың басымдығы және т.б.) айтарлықтай өзгеруі.
Тарау 3. 3-тарау. Инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ инвестицияларды тартуға инвестициялық жобаларды сүйемелдеу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін мониторингтеу
3-тарау. Инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ инвестицияларды тартуға инвестициялық жобаларды сүйемелдеу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін мониторингтеу
Тармақ 24
24. Инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі, сондай-ақ фронт-офистердің субъектілері ұсынатын инвесторлар үшін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді уақытылы және сапалы ұсыну жөніндегі қызметті ұйымдастыруды орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Уәкілетті орган қызметті бағалау және түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде тоқсан сайынғы негізде Ұлттық компания және сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері ұсынатын ақпарат негізінде фронт-офистер субъектілерінің жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін талдайды.
Тармақ 26
26. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері атқарылған жұмыс туралы есептерді Ұлттық компанияға есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, оның ішінде ҰЦИП арқылы жібереді.
Ұлттық компания өзінің өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінен, өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің субъектілерінен алынған деректер негізінде өңірлік және орталық деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің қызметі туралы жиынтық тоқсандық есепті есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей қалыптастырады және жиынтық есепті уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 27
27. Сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері атқарылған жұмыс туралы есепті есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей уәкілетті органға, оның ішінде ҰЦИП арқылы жібереді.
Тармақ 28
28. Талдау нәтижелері ұсынымдар әзірлеу үшін, сондай-ақ туындайтын жүйелі және жедел мәселелерді шешу бойынша тиісті шараларды уақытылы анықтау және қабылдау үшін пайдаланылады.
Тармақ 29
29. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу кезеңінде осы Қағидаларға 2-қосымшада бекітілген ҰЦИП-дағы жобалардың орындалуын қадағалап отыру жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылады.
Тармақ 30
30. Инвестициялық жобалар стратегиялық маңызына қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) жоғары басымдықты инвестициялық жобалар – құны 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеден асатын, инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулынан алынған инвестициялық жобалар, сондай-ақ Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған көрсеткіштердің ең төмен шекті мәнін растау туралы ұпайларды есептеу жүйесінің негізінде «жасыл дәлізге» енгізілген инвестициялық жобалар;
Тармақша 2
2) орташа басымдықты инвестициялық жобалар – құны 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден асатын, инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулынан алынған инвестициялық жобалар;
Тармақша 3
3) базалық басымдықты инвестициялық жобалар – инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулына енгізілген, құны 500 000 000 (бес миллион) теңгеге дейінгі инвестициялық жобалар.
Басқа 1. «Жасыл дәлізге» енгізу үшін индикаторлардың ең төмен шекті мәнін растау туралы инвестициялық жоба бойынша ұпайларды есептеу жүйесі
Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібіне
1-қосымша
«Жасыл дәлізге» енгізу үшін индикаторлардың ең төмен шекті мәнін растау туралы инвестициялық жоба бойынша ұпайларды есептеу жүйесі
Инвестиция көлемі (25%)
Ең жоғары ұпай – 3
5-тен 10 млрд. тенгеге дейін
1 ұпай
10-нан 15 млрд. тенге дейін
2 ұпай
15 млрд. тенгеден бастап және одан жоғары
3 ұпай
«The Global 2000» тізімінде инвестордың болуы (30%)
Ең жоғары ұпай – 2
тізбеде болмауы
0 ұпай
тізбеде болуы
2 ұпай
Саланың басымдылығы (инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкестігі, «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысы (20%)
Ең жоғары ұпай – 2
тізбеде болмауы
0 ұпай
инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде болуы
2 ұпай
Жобаның әлеуметтік бағыттылығы (25%)
Ең жоғары ұпай – 2
300-ге дейін жұмыс орнын құру
0,5 ұпай
300-ден 500-ге дейін жұмыс орнын құру
1 ұпай
500 және одан да көп жұмыс орнын құру
2 ұпай
* Тізбеге енгізу үшін шекті мән барлық көрсеткіш бойынша орташа өлшенген мән негізінде есептеледі – 1.6 ұпай.
Басқа 2. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада (ҰЦИП) жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы жалпы ережелері
Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібіне
2-қосымша
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада (ҰЦИП) жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары инвестициялық жобалардың іске асырылуын тұрақты және жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге арналады.
Тармақ 2
2. Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жобалардың жол карталарында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруға, олардың тиімділігін бағалауға және араласу мен түзетуді талап ететін проблемалық аспектілерді анықтауға бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Тармақ 3
3. Жобаны сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары тоқсандық, жылдық және жоспардан тыс іс-шаралардан тұрады.
Тармақ 4
4. Тоқсандық іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ мынадай кезеңдермен шектелмейді:
Тармақша 1
1) тоқсан қорытындысын шығару, оның ішінде өткен тоқсандағы тапсырмалардың орындалу серпінін бағалау, жоспарланған мерзімдерден ауытқу себептерін талдау, жол картасының тапсырмаларын орындау негізінде өңірлер рейтингісін жаңарту;
Тармақша 2
2) тоқсандық есепті дайындау, оның ішінде жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау, табысқа жеткен тәжірибелер мен проблемалық өңірлерді анықтау, жобаларды сүйемелдеу процестерін жақсарту бойынша ұсынымдар;
Тармақша 3
3) жобалардың ағымдағы жай-күйін бағалау және келесі тоқсандағы жоспарларын түзету үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кеңестер өткізу.
Тармақ 5
5. Жылдық іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ мынадай кезеңдермен шектелмейді:
Тармақша 1
1) жыл қорытындысын шығару, оның ішінде жол карталарының бір жылға арналған тапсырмаларын толық талдау, өңірлердің негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау;
Тармақша 2
2) барлық жобаны іске асырудың тиімділігін бағалау, жобаларды сүйемелдеу әдістемесін жетілдіру бойынша ұсынымдар;
Тармақша 3
3) жыл нәтижелерін талқылау және келесі жылға жоспарлау үшін жобаларға қатысушылармен қорытынды кеңес өткізу.
Тармақ 6
6. Жоспардан тыс іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ мынадай кезеңдермен шектелмейді:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның сұрауы бойынша тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыру;
Тармақша 2
2) жобаларды іске асыру барысында анықталған ауытқулар мен проблемаларға ден қою, оның ішінде уәкілетті органмен келісу бойынша жобалардың жол карталарына түзетулер енгізу;
Тармақша 3
3) проблемаларды жою және жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру бойынша арнаулы есептер мен ұсыныстар дайындау.
Тармақ 7
7. Осы Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары ҰЦИП шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлердегі фронт-офистердің барлық субъектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 8
8. Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары талдау нәтижелері мен анықталған қажеттіліктерді ескере отырып, жылына бір реттен жиілетпей қайта қарауға және жаңартуға жатады.