О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 26 декабря 2023 года № 11/69 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Тупкараганском районе» Қолданыста
Басқа 0
«Түпқараған ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/69 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Түпқараған ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №11/69 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Түпқараған ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5 тармақтың 4) тармақшасында:
он бесінші және он алтыншы абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.