О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 26 декабря 2023 года № 13-95 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Зерендинском районе» Қолданыста
Басқа 0
Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95
«Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн
белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн
айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8684-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
6-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
10-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
11-тармақта:
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер, туберкулез) бар адамдарға (отбасыларға) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
8) тармақша алынып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4,5,6,7-баптарында және 8 баптың 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
10), 11) және 14) тармақшалары алынып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
12-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.