О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 26 декабря 2023 года № 15/147 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №15/147 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімге 1-қосымшада: 5-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын; 7-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын; 7-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз: адамның иммун тапшылығы вирусы бар адамдарға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға - 20 000 (жиырма мың) мөлшерінде теңге;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.