«О внесении изменений и дополнений в решение Тюлькубасского районного маслихата от 26 апреля 2023 года № 2/9-08 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Тюлькубасского районного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 11 мамырдағы № 2/9-08 «Б» корпусы
Түлкібас аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабыны 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 17 мамырдағы №113 бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №181562 тіркелген, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Б» корпусы Түлкібас аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Түлкібас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы №2/9-08 шешіміне мынадай өзерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 11
11) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі;
мынадай редакциядағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 12
12) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат.
4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 4
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.»;
6- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста болған, еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде болған «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау осы Әдістеменің 6-тарауында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.;
9- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
9. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.";
12- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 12
12. Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
Осы Әдістеменің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.";
мынадай редакциядағы 6-тараумен толықтырылсын:
Тарау 6. 6-тарау. 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде болған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібі
6-тарау. 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде болған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібі
Тармақ 44
44. НМИ бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында тікелей басшымен осы Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 45
45. Тиісті НМИ бар жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшы бекітеді.
Тармақ 46
46. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 47
47. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, «А» корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
Тармақ 48
48. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 1. 1-параграф. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
1-параграф. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 49
49. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Тәртіптің 10-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 50
50. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.
НМИ барлығы орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "Функционалдық міндеттерді тиісті түрде орындайды" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық орындайды" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз орындайды" баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 51
51. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 52
52. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 53
53. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 54
54. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 55
55. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 56
56. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 2. 2-параграф. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
2-параграф. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 57
57. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін үш жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 58
58. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 59
59. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 60
60. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 61
61. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 62
62. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 63
63. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 64
64. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының (бұдан әрі – хаттама) жобасын.
Тармақ 65
65. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 66
66. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.
Тармақ 67
67. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және хаттамада тіркеледі.
Тармақ 68
68. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 69
69. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 70
70. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 71
71. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.";
осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 9, 10 және 11-қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 54. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 22 маусымдағы
№4/17-08 шешіміне қосымша 1
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне 9-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ________________________
қолы _______________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ________________
Қызметшінің лауазымы: ___________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________
№ п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
«А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Қол жеткізу мерзімдері
Түйінді нәтиже*
Жүктеу
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші Тікелей басшы
___________________________ ___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
Басқа 55. НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
Аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 22 маусымдағы
№4/17-08 шешіміне қосымша 2
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне 10-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
___________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ______________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
№ п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді
Жүктеу
Бағалау нәтижесі ________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші Тікелей басшы
___________________________ _________________________
(тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)
күні _______________________ күні ____________________
қолы ____________________ қолы _____________________
Басқа 56. Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________ бағалау мерзімі жыл)
Аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 22 маусымдағы
№4/17-08 шешіміне қосымша 3
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне 11-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды тұлға
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері
күні ________________________
қолы _______________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________ бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
1.
2.
...
Жүктеу
Комиссия қорытындысы: ____________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: _________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: _________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: __________________________ Күні: ______________
(тегі, аты-жөні, қолы)