О признании утратившими силу приказа исполняющего обязанности Министра цифрового развития,инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 26 апреля 2023 года № 78/НҚ «Об утверждении Правил оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов», Приказа исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 сентября 2024 года № 607/НҚ «О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра цифров Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығының, «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу және «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 130/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 607/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32392 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу және «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 130/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 607/НҚ бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35153 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-щаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі