Об отмене постановления Восточно-Казахстанского областного акимата от 26 апреля 2024 года № 106 «Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами государственных органов Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысының күшін жою туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.