О внесении изменений и дополнения в решение маслихата района Мақаншы от 26 ноября 2024 года № 14-89/VIII «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Мақаншы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мақаншы ауданы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 389-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»; 7-тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталынсын. 11-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі: дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.»; 21-тармақ келесі редакцияда толықтырылсын: «Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.»; 22-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілгенде;»; 27-тармақта: «29» деген цифрлар «27» деген цифрлармен ауыстырылсын; 28-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы ________________А.Нұрлыбек 2026 жылғы «___»___________