О внесении изменений в решение Алматинского областного маслихата от 26 апреля 2024 года № 20-95 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждении Алматинской области» Қолданыста
Басқа 0
«Алматы облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының
2024 жылғы 26 сәуірдегі № 20-95 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Алматы облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 20-95 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;
58 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»;
59 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.