О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 26 декабря 2024 года №25/16 «О бюджете сельского округа Каргалы на 2025-2027 годы» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарғалы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қарғалы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/16 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қарғалы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 68 313 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 3 303 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 294 тың теңге; трансферттер түсімдері – 64 716 мың теңге; 2) шығындар – 68 314,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0; бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0; қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 1,1 мың теңге; қарыздар түсімі - 0; қарыздарды өтеу - 0; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1,1 мың теңге.». Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 2 жетоқсандағы №37/16 шешіміне қосымша Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/16 шешіміне 1-қосымша Қарғалы ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджеті Санаты Сомасы, мың теңге Сыныбы Кіші сыныбы Атауы 1. Кірістер 68 313 1 Салықтық түсімдер 3 303 01 Табыс салығы 532 2 Жеке табыс салығы 532 04 Меншікке салынатын салықтар 2 771 1 Мүлікке салынатын салықтар 70 4 Көлік құралдарына салынатын салық 2570 5 Бірыңғай жер салығы 131 2 Салықтық емес түсімдер 294 06 Басқа да салықтық емес түсімдер 294 1 Басқа да салықтық емес түсімдер 294 4 Трансферттер түсімі 64 716 02 Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 64 716 3 Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 64 716 Функционалдық топтар Сомасы, мың теңге Функционалдық кіші топтар Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) Атауы 2. Шығындар 68 314,1 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 43 981 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 43 981 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 43 981 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 43 981 022 Мекеменің күрделі шығыстары 0 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 4 449 3 Елді мекендерді көркейту 4 449 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 4 449 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 4 449 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 0 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 19 883 1 Мәдениет саласындағы қызмет 19 883 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 19 883 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау 19 883 15 Трансферттер 1,1 1 Трансферттер 1,1 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 1,1 048 Пайдаланылмаған(толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 1,1 3. Таза бюджеттік кредит беру 0 4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 5. Бюджет тапшылығы (профициті) -1,1 6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1,1 8 Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1,1 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 1,1 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 1,1