О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 февраля 2025 года № 11-1-4/104 «Об утверждении Правила формирования, ведения и использования реестра инвесторов» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.«Инвесторлар қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35754 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвесторлар қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидалары
2026 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/363 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы «Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» № 11-1-4/104 бұйрығымен бекітілген Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның (бұдан әрі – ҰЦИП) жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) бастама – әлеуетті инвестормен келіссөздер негізінде қалыптастырылған, ҰЦИП-да карточка түрінде ресімделген, сыртқы деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің және Ұлттық компанияның инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынысы;
Тармақша 2
2) «жасыл дәліз» – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеделдетілген тәртіппен көрсетуді көздейтін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №11-1-4/327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 27 маусымда № 32910 болып тіркелген) Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібіне (бұдан әрі – Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары) 1-қосымшада белгіленген өлшемшарттарға сай келетін инвестициялық жобаларға арналған арнаулы рәсім;
Тармақша 3
3) жобаның жол картасы – жұмыс кезеңдерін, оларды орындау мерзімдерін, жауапты орындаушыларды қамтитын инвестициялық жобаны іске асырудың жоспар-кестесі;
Тармақша 4
4) жоба паспорты – инвестор, қызмет саласы, инвестиция көлемі, қаржыландыру схемасы, байланыс деректері, жобаның қысқаша сипаттамасы туралы ақпаратты қоса алғанда, инвестициялық жоба туралы негізгі деректерді қамтитын құжат;
Тармақша 5
5) инвестицияға дейінгі саты – техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жөніндегі іс-шараларды, техникалық шарттарды, жер учаскесін алуды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, қаржыландыруды және инвестициялық жобаны іске асыруды талап ететін басқа да рәсімдерді қамтитын инвестициялық жобаны әзірлеу кезеңі;
Тармақша 6
6) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы – құны 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден асатын, экономиканың барлық саласында іске асырылатын және пысықталатын, инвесторлар үшін “бір терезе” ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын жоғары немесе орташа басымдықты санатқа жататын инвестициялық жобалар тізбесі;
Тармақша 7
7) инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулы – құны 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеге дейін болатын, өңірлік инвестициялық штабтың шешімімен бекітілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын, бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын, экономиканың барлық саласында іске асырылатын және пысықталатын, инвесторлар үшін “бір терезе” ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын базалық басымдықты санатқа жататын инвестициялық жобалар тізбесі;
Тармақша 8
8) инвестициялық жобаның мүдделі қатысушылары - ҰЦИП-на қолжетімділігі бар мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру шегіндегі инвесторлар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары.
Тармақша 9
9) Инвестициялық саты – мемлекеттік қолдау шараларын алу жөніндегі іс-шараларды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, іске қосу-баптау жұмыстарын, объектіні пайдалануға беруді және инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да рәсімдерді қамтитын инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі;
Тармақша 10
10) инвесторлар тізілімі – инвесторлар, инвестициялардың сомалары, инвестициялық жобалардың түрлері, оларды іске асыру кезеңдері туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы басқа да мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
Тармақша 11
11) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 12
12) өңірлік инвестициялық штаб – құрамына жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық компанияның өңірлік өкілдерін, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдерін, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының, прокуратураның, салық органдарының және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның өкілдерін қоса отырып, жергілікті атқарушы орган әрбір өңірде өңір әкімінің басшылығымен құрады. Өңірлік инвестициялық штабтың құзыретіне өңірдің инвестициялық жобаларының проблемалық мәселелерін шығару, сондай-ақ жобаларды жедел сүйемелдеу және бейінді органдармен өзара іс-қимыл жасау кіреді;
Тармақша 13
13) сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері, Ұлттық компанияның шетелдік өкілдері мен өкілдіктері;
Тармақша 14
14) уәкілетті орган – «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына сәйкес инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 15
15) нвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) – өз қызметін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-2-бабына сәйкес жүзеге асыратын, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания мәртебесі бар заңды тұлға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері;
Тармақша 16
16) ұлттық цифрлық инвестициялық платформа – инвестициялық жобаларды кешенді түрде сүйемелдеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады;
Тармақша 17. 2-тарау. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ инвесторлар тізілімін мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау
17) Smart Bridge – мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау процестерін жеңілдетуге бағытталған интеграциялық сервис. 2-тарау. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ инвесторлар тізілімін мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау
Тармақ 3
3. Ұлттық компания ҰЦИП операторы болып табылады.
Тармақ 4
4. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық компания, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата), «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) инвестордан деректерді алуға, жобаның паспортын және жобаның жол картасын ҰЦИП-да толтыруға жауапты ҰЦИП-дағы бастамашы органдар болып табылады. Бастамашы органдар ҰЦИП-да Қазақстан Республикасындағы іске асырылатын инвестициялық жобалар туралы өзекті және дұрыс мәліметтердің толтырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу ҰЦИП-да автоматты режимде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарына енгізілген инвестициялық жобалар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мәліметтерді инвесторлар тізіліміне енгізу автоматты режимде жобаның паспорты ҰЦИП-да қалыптастырылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жеке немесе заңды тұлға ҰЦИП-дағы «Инвесторлар тізілімі» бөлімін инвестордың инвесторлар тізілімінде болуын тексеру үшін «Іздеу» жолағына жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін немесе заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы пайдаланады.
Тармақ 8
8. Инвесторлар тізілімінде инвестордың болуын тексеру сервисі Smart Bridge платформасында орналастырылады және мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мүмкіндігі көзделеді.
Тарау 3. 3-тарау. ҰЦИП-ның жұмысын ұйымдастыру тәртібі
3-тарау. ҰЦИП-ның жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. ҰЦИП-ға қолжетімділікті ұсыну
1-параграф. ҰЦИП-ға қолжетімділікті ұсыну
Тармақ 9
9. ҰЦИП-да тіркеуден өткен инвестициялық жобаның мүдделі қатысушылары ҰЦИП-на қол жеткізе алады.
Тармақ 10
10. Жүйеге кіру үшін мынадай тәсілдердің бірімен авторизациядан өту керек:
Тармақша 1
1) логин және пароль бойынша;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы;
Тармақша 3
3) Egov.kz IDP арқылы.
Тармақ 2. 2-параграф. Инвестициялық жобалардың пулын қалыптастыру
2-параграф. Инвестициялық жобалардың пулын қалыптастыру
Тармақ 11
11. Бастамашы органдар инвестициялық жобаны төменде көрсетілген өлшемшарттардың біріне сәйкес келген жағдайда инвестициялық жобаны ҰЦИП-ға енгізуді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулының шарттарына сәйкес келетін инвестициялық жоба;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобаның жалпыөңірлік пулының шарттарына сәйкес келетін инвестициялық жоба;
Тармақша 3
3) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы іске асыратын инвестициялық жоба;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 тамыздағы «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» № 592 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 33321 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары) Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жоба;
Тармақша 5
5) инвестициялық келісімшарттың негізінде іске асырылатын инвестициялық жоба.
Тармақ 12
12. Бастамашы орган жобаның паспортын ҰЦИП-ның ақпараттық жүйесінде қалыптастырады, содан кейін инвестициялық жоба автоматты түрде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық немесе жалпыөңірлік пулына енгізіледі.
Тармақ 13
13. Инвестициялық жобаны инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына енгізу кезеңінде ҰЦИП-дағы инвестициялық жоба Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымшада айқындалған, инвестициялық жоба бойынша ұпайларды есептеу жүйесінің негізінде, «жасыл дәлізге» енгізу үшін көрсеткіштердің ең төменгі шекті мәнінің расталуына байланысты «жасыл дәлізге» автоматты түрде енгізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. ҰЦИП-да инвестициялық жобаны тоқтата тұру және одан алып тастау
3-параграф. ҰЦИП-да инвестициялық жобаны тоқтата тұру және одан алып тастау
Тармақ 14
14. Инвестициялық жобаны ҰЦИП-да тоқтата тұру - бұл уәкілетті органның тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап он екі айдан аспайтын мерзіммен ҰЦИП-да инвестициялық жобаны сүйемелдеу процесін уақытша тоқтата тұру рәсімі.
Тармақ 15
15. ҰЦИП-да инвестициялық жобаны тоқтата тұру негіздері:
Тармақша 1
1) тексерулер барысында анықталған және белгіленген мерзімдерде жойылмаған Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленетін және қолданылатын техникалық талаптар мен стандарттарды тексеру барысында анықталған екі немесе одан көп рет бұзу жағдайлары;
Тармақша 2
2) қаржылық проблемалар (инвестициялық жобаны қаржыландыруды қалпына келтіру мүмкіндігінсіз тоқтату немесе қысқарту);
Тармақша 3
3) инвестордың инвестициялық жобаны тоқтата тұру туралы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген өтініші.
Тармақ 16
16. ҰЦИП-дан инвестициялық жобаны алып тастау негіздері:
Тармақша 1
1) қаржылық проблемалар (инвестициялық жобаны қаржыландыруды қалпына келтіру мүмкіндігінсіз тоқтату);
Тармақша 2
2) инвестициялық жобаны іске асыруға жауапты заңды тұлғаның банкроттығы немесе таратылуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардан қажетті рұқсаттар мен келісулерді алудың мүмкін болмауы;
Тармақша 4
4) инвестордың инвестициялық жобаны алып тастау туралы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген өтініші;
Тармақ 17
17. Инвестициялық жобаларды жалпыөңірлік пулдан алып тастауды жергілікті атқарушы органдар өңірлік инвестициялық штабтың оң шешімі болған кезде жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Бастамашы орган 5 жұмыс күні ішінде ҰЦИП арқылы уәкілетті органға, мұндай жоба осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көзделген негіздердің кем дегенде біреуіне жататын болған жағдайда, ҰЦИП-да инвестициялық жобаны тоқтата тұруға немесе одан алып тастауға негіздемесі бар сұрау салуды жібереді.
Тармақ 19
19. Уәкілетті орган ҰЦИП-да инвестициялық жобаларды тоқтата тұру немесе одан алып тастау туралы шешімді 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның инвестициялық жобаны ҰЦИП-да тоқтата тұрудан немесе одан алып тастаудан бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Инвестициялық жобаны ҰЦИП-дан автоматты түрде алып тастау осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген мерзім аяқталған соң жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Бастамаларды және инвестициялық жобаларды ҰЦИП-да сүйемелдеу
4-параграф. Бастамаларды және инвестициялық жобаларды ҰЦИП-да сүйемелдеу
Тармақ 22
22. ҰЦИП мынадай модульдерден тұрады: «Тарту» модулі, «Іске асыру» модулі, «Сервистік сүйемелдеу» модулі.
Тармақ 23
23. «Тарту» модулі – әлеуетті инвесторлармен кездесулерді тіркеу жөніндегі жұмысты, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі бастаманы құруды қамтитын инвестицияларды тарту бөлімі. Осы модуль шеңберінде әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауды сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. «Тарту» модулі шеңберінде мұндай өзара іс-қимыл жасау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әлеуетті инвесторлармен кездесулер ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының сапарлары;
Тармақша 3
3) әлеуетті инвестор туралы бастапқы деректер (қызмет саласы, компания мөлшері, шыққан елі, байланысатын адамы) көрсетіле отырып, ҰЦИП-да компания карточкасын және байланыс карточкасын жасау;
Тармақша 4
4) келіссөздердің негізгі аспектілерін, қызығушылық нысанасы туралы, кездесуге қатысушылар туралы ақпаратты көрсете отырып, ҰЦИП-да кездесу карточкасын ресімдеу арқылы әлеуетті инвестормен өткен барлық кездесулер туралы деректерді енгізу;
Тармақша 5
5) инвестициялар тарту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының шетелдік іс-сапарларының қорытындылары бойынша сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектісі 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткен инвестициялық іс-шаралар туралы ақпаратты енгізе отырып, ҰЦИП-ға сапар карточкасын толтырады.
Тармақ 25
25. Әлеуетті инвестордың Қазақстан Республикасына сапарының қорытындылары бойынша сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектісі қол жеткізілген уағдаластықтар туралы ақпаратты енгізе отырып, ҰЦИП-да сапар карточкасын толтырады.
Тармақ 26
26. Әлеуетті инвестормен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектісі бастама жасайды және оны Ұлттық компанияға береді.
Тармақ 27
27. Ұлттық компания бастаманы алғаннан кейін әлеуетті инвесторды сүйемелдейтін жауапты лауазымды адамды тағайындайды. Ұлттық компанияның жауапты лауазымды адамы күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде әлеуетті инвестициялық жобаның «Іске асыру» модуліне өтуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. «Іске асыру» модулі – инвестициялық жобаларды іске асыру бөлімі, ол инвестициялық жобаны бастамашы органдардың сүйемелдеуін, жобаның паспортын және жобаның жол картасын жасауды қамтиды.
Тармақ 29
29. «Іске асыру» модуль шеңберінде инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауды жауапты бастамашы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Бастапқы кезеңде жауапты бастамашы орган инвестордан және (немесе) Ұлттық компаниядан жобаның паспортын толтыру үшін қажетті деректерді алады.
Тармақ 31
31. Жобаның паспорты ҰЦИП-да толтырылады және инвестициялық жоба туралы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін толтырылуға міндетті жолдарды қамтиды.
Тармақ 32
32. Жоба паспортының деректері толтырылғаннан кейін бастамашы орган күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қалыптастырылған жол картасын Ұлттық компанияға келісуге жібереді.
Тармақ 33
33. Жобаның жол картасы мынадай екі сатыдан тұрады:
Тармақша 1
1) инвестицияға дейінгі саты;
Тармақша 2
2) инвестициялық саты.
Тармақ 34
34. Ұлттық компания жобаның жол картасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны ҰЦИП-да қарастырады.
Тармақ 35
35. Ұлттық компания жол картасын қабылдамаған жағдайда, ол бастамашы органға пысықтауға жіберіледі. Бұл ретте бастамашы орган ескертулерді жояды және жол картасын қайта келісуге жібереді.
Тармақ 36
36. Ұлттық компания жол картасын оң тұрғыда келіскен жағдайда, жоба «жол картасымен» сатысына өтеді.
Тармақ 37
37. Бастамашы органдар жобаның жол картасының кезеңдерін орындауды тұрақты сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Жобаның жол картасы шеңберінде жергілікті атқарушы орган ҰЦИП арқылы тиісті өңірдегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады. Бұл ретте келесі параметрлер қолданылады: мерзімі өткен тапсырмалар қызыл түспен белгіленеді. орындалу мерзімі 10 күннен аз тапсырмалар сары түспен белгіленеді. орындалу мерзімі 10 күннен асатын тапсырмалар жасыл түспен белгіленеді. ҰЦИП-да шоғырланған деректер негізінде мерзімі өткен күндер санына негізделген жол картасы тапсырмаларының орындалу серпіні бойынша өңірлердің рейтингі қалыптастырылады. Бұл ретте: 1 күннен 5 күнге кешіктірілгені үшін 0,5 ұпай шегеріледі. 6 күннен 16 күнге кешіктірілгені үшін 1 ұпай шегеріледі. 16 күннен астам кешіктірілгені үшін 1,5 ұпай шегеріледі. Ұпайлар саны бірдей болған жағдайда, инвестициялық жобалар саны ең көп бастамашы органға басымдық беріледі.
Тармақ 39
39. Инвестордың сұрау салуы бойынша жобаның жол картасына өзгерістер енгізуді уәкілетті органмен келісу бойынша бастамашы орган мынадай жағдайларда жүргізеді:
Тармақша 1
1) еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған, жобаның жол картасы кезеңдерінің орындалмауы және (немесе) орындалуының кешіктірілуі. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мұндай жағдайларына (форс-мажор) төтенше және осы жағдайлар кезінде алдын алуға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және өзге де ұқсас мән-жайлар) жатады;
Тармақша 2
2) инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу;
Тармақша 3
3) инвестициялық жобаның қаржылық моделіне және (немесе) техникалық құжаттамасына өзгерістер енгізу;
Тармақша 4
4) инвестициялық жобаны іске асыру орнының өзгеруі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына жобаның жол картасының кезеңдерін орындауды қозғайтын өзгерістер енгізу;
Тармақша 6
6) инвесторға тәуелді емес және инвестициялық жобаның белгіленген мерзімде аяқталуына объективті кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар.
Тармақ 40
40. Бастамашы орган өзгерістер енгізу үшін негіздер осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген жағдайлардың кем дегенде біреуіне жататын болған жағдайда, тиісті негіздемесі бар жобаның жол картасына өзгерістер енгізуге арналған ресми хатты уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 41
41. Уәкілетті орган жобаның жол картасына өзгерістер енгізу немесе өзгерістер енгізуден бас тарту туралы шешімді 10 ( он ) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 42
42. Уәкілетті органның жобаның жол картасына өзгерістер енгізу немесе өзгерістер енгізуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 43
43. Осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген, жаңадан туындаған негіздер бойынша мәселе қаралатын жағдайларды қоспағанда, жобаның жол картасына өзгерістер енгізуге өтінімді сол бір негіз бойынша қайта беруге жол берілмейді.
Тармақ 44
44. Инвестициялық жобаның мүдделі қатысушыларының файлдарды «Іске асыру» модулінде бекітуге және өз құзыреті шегінде жобаның орындалу барысына түсініктеме беруге мүмкіндігі бар.
Тармақ 45
45. Инвестициялық жоба валидация жүргізілмейтін өңіраралық инвестициялық жобаларды қоспағанда, жол картасының соңғы міндеті іс жүзінде аяқталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық палата валидациялағаннан кейін «Сервистік сүйемелдеу» модуліне өтеді.
Тармақ 46
46. «Сервистік сүйемелдеу» модулі келесі кіші бөлімдерден тұрады: «Инвестициялық келісімшарт», «Инвестициялар туралы келісім». «Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу».
Тармақ 47
47. Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу кіші бөлімі инвестициялық жобаларды іске асырғаннан кейін инвесторлардың қызметіне жүйелі талдау жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен инвесторлар арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу кіші бөлімінде инвестициялық жоба туралы ақпарат кейіннен талдамалық мақсаттарда және есептілікте пайдалану үшін мыналарды:
Тармақша 1
1) сүйемелдеу мерзімі инвестициялық келісімшарттың қолданылуы барысында әрекет ететін инвестициялық келісімшарттар негізінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды;
Тармақша 2
2) сүйемелдеу мерзімі инвестициялар туралы келісімнің қолданылуы барысында әрекет ететін инвестициялар туралы келісімдердің негізінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды;
Тармақша 3
3) сүйемелдеу мерзімі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймаққа қатысушының қызметті жүзеге асыру туралы шартының қолданылуы барысында әрекет ететін арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтарға қатысушылар іске асыратын инвестициялық жобаларды;
Тармақша 4
4) Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына сәйкес Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қоспағанда, 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде ҰЦИП-да қалады.
Тармақ 49
49. Мемлекеттік органдар арасындағы функциялар мен жауапкершіліктің аражігін ажырату, сондай-ақ Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу кіші бөлімі шеңберінде мерзімдерді белгілеу ҰЦИП-да орналастырылатын жеке регламентпен жүзеге асырылады.