О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 26 декабря 2025 года № 158-5066 «Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год по городу Астане» Қолданыста
Басқа 0
«Астана қаласында 2026 жылға
арналған арнаулы әлеуметтік
қызметтерді көрсету тарифтерін
бекіту туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2025 жылғы
26 желтоқсандағы № 158-5066
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 158-5066 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Үкіметтік емес секторға арналған бір айға бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі
Астана қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___» _______
№ _____________ қаулысына
қосымша
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 158-5066 қаулысына
2-қосымша
Үкіметтік емес секторға арналған бір айға бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі
Р/с
№
Ұйымның түрі
Айына бір адамға тариф, теңгемен
Жартылай стационар
1.
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар
279 812
2.
Тірек - қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар
254 698
3.
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар
221 783
4.
Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар
250 440
Үй жағдайында
1.
Психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар және психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар
89 093
Уақытша болу
1.
Уақытша болу (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен адам саудасының құрбандары үшін)
155 836
Аралас моделі
1.
Он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің аралас моделі
105 560
________________________