О признании утратившим силу решение Актогайского районного маслихата «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района» от 26 сентября 2025 года № 219/37 Қолданыста
Басқа 0
Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 219/37 шешімі күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында, Ақтоғай аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 219/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214794 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.