О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 26 декабря 2025 года № 375/48-VIII «Об определении перечня социально значимых сообщений города Астаны» Қолданыста
Басқа 0
«Астана қаласының әлеуметтік
маңызы бар қатынастарының
тізбесін айқындау туралы»
Астанa қаласы мәслихатының
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 375/48-VIII шешіміне
толықтырулар енгізу туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 375/48-VIII шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 106, 107, 108, 109, 110-жолдармен толықтырылсын:
«
106.
65
«Отау» шағын ауданы – «Көктал-1» тұрғын алабы
107.
68
Кенесары көшесі – «Бағыстан» тұрғын үй кешені
108.
75
«Күйгенжар» тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы
109.
78
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қ. Рысқұлбеков көшесі
110.
82
Бұқар жырау көшесі – Алаш тасжолы
».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.