О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 26 августа 2025 года № 502-НҚ «Об установлении цен на товары (работы, услуги), реализуемые государственными архивами» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 502-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 502-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрыққа 1-қосымшада 4-бағанның тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; осы бұйрыққа 2-қосымшада 4-бағанның тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; осы бұйрыққа 3-қосымшада 4-бағанның тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; осы бұйрыққа 4-қосымшада 4-бағанның тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; осы бұйрыққа 5-қосымшада 4-бағанның тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі