О внесении изменений в совместный приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 26 декабря 2025 года № 573 и Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 31 декабря 2025 года № 381-НҚ «Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесінде:
реттік нөмірлері 14, 15 және 16-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
14.
Электр тізбектеріндегі кернеуді немесе электр қозғаушы күшті өлшеу
0 В-тан артық 1000 В-ға дейін
± (1%+3 крб)
15.
Ток күшін өлшеу
0 А-ден артық 10 А-ға дейін
± (1%+3 крб)
16.
Электрлік белсенді (омдық) кедергілерді өлшеу
0 Ом-нан артық 20 МОм-ға дейін
± (5% + 3 крб)
»;
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
22.
Су құбырындағы судың температурасын өлшеу
0 °С-тан артық 100 °С-қа дейін
± 1 °С
»;
реттік нөмірлері 25 және 26-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
25.
Статикалық созылу күштерін өлшеу
20 Н-нан артық 200 Н-ға дейін
дәлдік тобы 2-ден төмен емес
26.
Салмақты (массаны) өлшеу
150 кг-ға дейін
± 0,15 кг
»;
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
28.
Дыбыс деңгейін өлшеу
30 дБ-ден артық 130 дБ-ға дейін
1,5 дБ
»;
реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 30 және 31-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
30.
Кинематикалық тұтқырлықты өлшеу
20 мм2/с-тан артық 100 мм2/с-қа дейін
5% артық емес
31.
Түтінге қарсы желдету жүйесінің отқа төзімді құбырларының отқа төзімді жабынының қалыңдығын өлшеу
2 мм-ден артық 150 мм-ға дейін
2,5% артық емес
»;
реттік нөмірлері 33 және 34-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
33.
Баспалдақ торларында, лифт шахталарында, тамбур-шлюздерде және лифт залдарында қысымның төмендеуін өлшеу
0,01 кПа-дан артық 0,16 кПа-ға дейін
дәлдік тобы 1,0-ден төмен емес
34.
Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің ыдырауын өлшеу
-50 дБм-тан артық 5 дБм-ға дейін
± 0,1 дБм
»;
Ескертпеде:
«Гц – герц;» деген сөздер «крб – кіші разряд бірлігі;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«МПа*с – мегапаскаль-секунд;» деген сөздер «мм2/с – секундына шаршы миллиметр;» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.