О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2026 года № 126 «Об утверждении перечня проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии на 2026 год» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2026 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2026 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2026 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын: « 12 «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Еуропалық инвестициялық банктің кредиттік желісі есебінен республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жоба 554 345 186 872 теңге 2026-2033 жылдар 394 048 580 000 теңгеден аспайды (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына балама) 2026 жылы: 80 879 310 000 теңге (Еуропалық инвестициялық банк); 27 221 699 000 теңге (Қазақстанның Даму Банкі) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстанның Даму Банкі және Еуропалық инвестициялық банк ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.