О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 февраля 2026 года № 131 «О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 октября 2025 года № 634 «Об утверждении форм сведений, представляемых в орган государственных доходов, биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра «Астана» о проведенных резидентами Республики Казахстан и нерезидентами операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждени Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38061 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.