О признании утратившим силу решения Ескельдинского районного маслихата от 26 января 2026 года № 57-167 «Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Ескельдинскому району на 2026 год» Қолданыста
Басқа 0
Ескелді аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 57-167
«Ескелді ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум
объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін
күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ескелді аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 57-167 «Ескелді ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 221814 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.