Об утверждении Положения (стандарта) бухгалтерского учета 26 "Учет и отчетность брокерских и дилерских организаций" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаментінің 1998 жылғы 7 маусымдағы N 108 бұйрығымен бекітілген 26 бухгалтерлік есеп ережелері (стандарт) "Брокерлік және дилерлік ұйымдардағы есеп-қисап және есеп беру тәртібі" Мақсаты және әрекет ауқымы
Тармақ 1
1. Осы Ережелер (стандарт) брокерлік және дилерлік ұйымдарда (бұдан былайғы жерде - брокерлер-дилерлер) есеп жүргізу және қаржылық есеп жасау ерекшеліктерін анықтап-белгілейді. Анықтамалар
Тармақ 2
2. Брокер-дилер - бағалы қағаздар нарқында брокерлік және дилерлік әрекеттерді жүзеге асырушы заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Атаулы иегер - келісім-шартқа сәйкес бағалы қағаздар иесінің мүддесі үшін бағалы қағаздар иесінің атынан және өзінің атынан бағалы қағаздар нарқына кәсіби дәрежеде қатысушы. Бағалы қағаздарды өз қолында олардың иесі тарапынан ұстау атаулы иегерге дәл осы бағалы қағаздарға меншіктік дәрежеде ие болу құқығын бермекші емес.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарқы - сауданы ұйымдастырушылар тарапынан осыған қатысушылар үшін бағалы қағаздармен жасалатын існамалардың шарттары мен жүргізу барысының заң актілеріне сәйкес белгілі бір тәртіпте реттеліп берілген жағдайдағы құнды қағаздар айналымының орыны.
Тармақ 5
5. Ұйымдастырылмаған нарық - бағалы қағаздармен жасалатын існамалар осы мәселе және бұған қатысушылар үшін ұйымдастырылған нарық талаптары сақталмайтын жағдайдағы құнды қағаздар айналымының орыны.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздың баламалары - құны басқа бағалы қағаздар арқылы танылатын бағалы қағаздар.
Тармақ 7
7. Қысқа сауда - сатылу кезінде сатушының қолында жоқ бағалы қағаздарды сату.
Тармақ 8
8. РЕПО - бағалы қағаздың немесе валютаның алғашқы сатылу бағасынан өзгеше мөлшерде белгілі бір уақытта нық бекітілген (шарттасқан) баға бойынша қайтадан сатылатыны жайындағы шартпен (міндеттемемен) сатылуы негізінде жасалатын биржалық існама түрі.
Тармақ 9
9. Кері РЕПО - бағалы қағаздың немесе валютаның алғашқы сатылу бағасынан өзгеше мөлшерде белгілі бір уақытта нық бекітілген (шарттасқан) баға бойынша қайтадан сатылатыны жайындағы шартпен сатылып алынуы негізінде жасалатын биржалық існама түрі.
Тармақ 10
10. Комиссиялық табыс - брокерлік қызмет жөніндегі келісім-шартқа сәйкес брокер-дилерге төленетін ақшадай сыйлық.
Тармақ 11
11. Існама жасалған күн - қаржылық инструменттердің атауы, саны, бағасы, жеткізу шарттары - існаманың тағы басқа маңызды егжей-тегжейлері түгелдей қамтылып, соның негізінде қаржылық инструменті сату (сатып алу) турасындағы келісім-шартқа қол қойылған күн.
Тармақ 12
12. Есеп айырысатын күн - қаржылық инструменттердің сатып алушыға жеткізіліп, келісім-шарттың талаптарына немесе сауданы ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған ережелерге сәйкес сатушымен есеп айырысатын күн. Жалпы Ережелер
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының іс үстіндегі заң актілеріне сәйкес брокер-дилер төмендегідей әрекеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз есебінен және қажеткер есебінен, өз атынан немесе қажеткер атынан бағалы қағаздармен існамалар жасайды;
Тармақша 2
2) өзінің қажеткерлері тарапынан инвестициялық шешім қабылдауға қажетті ақпарат пен ұсынымдарды әзірлеп көрсетеді және қажеткерлердің бағалы қағаздарымен жасалған існамаларды құжаттайды.
Тармақша 3
3) қажеткермен келісе отырып басқа да кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсетеді.
Тармақ 14
14. Жүргізілетін іс әрекеттердің есебін жасауды және қаржылық есепті ұсынуды брокер-дилер Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" Заң күшіне ие Жарлығының, бухгалтерлік есеп стандарттарының және субъектілердің қаржылық-шаруашылық жөніндегі бухгалтерлік есеп турасындағы Бас есеп жоспарының негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Брокер-дилер өз ақшасы мен қажеткерлердің ақшасының есебін айырым түрде жеке жүргізеді. Қажеткерлердің иелігіндегі бағалы қағаздар брокер-дилердің бухгалтерлік балансына енгізілмейді. Бағалау
Тармақ 16
16. Ұйымдастырылған базарда жасалған існамалар бойынша Бағалы қағаздарға және соларға қатысты баламаларға тартылған қаржылық инвестициялар ағымдағы бағамен есептеледі, ал ұйымдастырылмаған базарда жасалған існамалар бойынша - 8 Бухгалтерлік есеп "Қаржылық инвестициялар есебі" стандартына сәйкес бағаланады.
Тармақ 17
17. Қарызға алынған бағалы қағаздар кепілге қойылған мүліктің сомасына тең бағамен есептеледі, ал кері РЕПО жағдайында алынған бағалы қағаздар тиісінше кепілдің бағасына тең сомамен және келісім-шартта белгіленген бағамен есептеледі. Брокер-дилердің іс-әрекетіне тартылатын басқа да активтер бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептеледі.
Тармақ 18
18. Қысқа сауда нәтижесінде пайда болатын міндеттемелер ағымдағы бағасы бойынша есептеледі.
Тармақ 19
19. РЕПО бойынша жасалған әрекетке байланысты міндеттемелер және брокер-дилердің іс-әрекетіне байланысты міндеттемелер келісім шартта келісілген бағамен есептеледі. Кіріс
Тармақ 20
20. Брокер-дилердің табысына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) брокерлік қызмет, жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды орналастыру, кеңес беру, ақпараттық және заңға қайшы келмейтін басқа да қызметтерден түсетін комиссиялық табыстар;
Тармақша 2
2) қаржы енгізуден түсетін кіріс;
Тармақша 3
3) сыйлық есебінен түсетін кіріс (мүдделі процент);
Тармақша 4
4) 5 бухгалтерлік есеп стандартына "Табыс" және 8 бухгалтерлік есеп стандартына "Қаржылық инвестициялар есебі" сәйкес есептелетін басқа да кіріс.
Тармақ 21
21. Брокерлік қызметке байланысты комиссиялық табыс існама жасалған күні танылады, себебі комиссиялық сыйлық алу турасындағы барлық қажетті жұмыс көлемі осымен аяқталды деп есептелінеді. Егер қажеткер талабын орындау мақсатында бірнеше існамалар жасалуы керек болса (мысалы, дәл осы бағалы қағазды сатып алу және сатуға байланысты), бірақ комиссиялық сыйлық бір жол ғана тағайындалса, онда комиссиялық сыйлықтың жартысына тең сома існама жасалған күні бағалы қағазды сатып алу үшін төленетін кіріс ретінде, ал қалған жартысына тең сома існама жасалған күні бағалы қағазды сату үшін төленетін кіріс ретінде танылады.
Тармақ 22
22. Қаржылық инструменттерді өткізу нәтижесінде алынатын табыс існама жасалған күні танылады, себебі існамаға байланысты тәуекелдер немесе экономикалық пайда сатып алушыға көшті деп есептеледі.
Тармақ 23
23. Бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде алынатын кіріс Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарын реттеу жөніндегі өкілетті орган тарапынан эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылғаны жайындағы құжатты бекіткеннен кейін танылады. Шығындар
Тармақ 24
24. Брокерлік-дилерлік әрекетті іске асыру барысындағы ұжымның еңбекақысы, брокер-дилерлер ассоциациясында төленетін жарна, қор биржасының мүлкін пайдаланғаны үшін төлемақы, тұрмыстық қызмет ақысы, көрсетілген қаржылық көмек үшін төленетін сыйлық (мүдделілік процент), існаманы тіркеу және құжаттау үшін төленетін ақы, агенттерге төленетін комиссиялық сыйлықтар, бағалы қағаздарды тасымалдау, меншіктік құқықты нотариалдық дәрежеде куәландыру және басқа да шығындар есеп беру мерзімінің шығындарына жатқызылады (7 "Товарлық-материалдық қорлар есебі" Бухгалтерлік есеп стандартының 10 пункті).
Тармақ 25
25. Бағалы қағаздарды орналастыру барысындағы өнім өткізу, жарнама, заңгерлік қызмет көрсету, эмиссиялық синдикат құру және басқа да әрекеттерге байланысты шығындар келешек мерзімдегі шығындарға жатқызылып, тек тиісті кіріс (Бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде алынатын кіріс) есептелген кезде ғана ағымдағы шығындар есебінде танылады. Бағалы қағаздарды тіркегеннен кейінгі сәтте әрекет аяқталмайтын жағдай орын алса, оларды орналастыруға қатысқан брокер-дилердің шығындары есеп беру мерзімінің шығындарына жатқызылады.
Тармақ 26
26. Қор биржасына мүшелік үшін төленетін жарнаның шығындары бухгалтерлік баланстың "Ұзақ мерзімдік активтер" бөлімінде көрсетіледі. Актив тиімді дәрежеде пайдалану мерзімі бойынша, бірақ ұйымның іс-әрекетінің мерзімі аяқталуынан бергі кезеңге дейінгі аралықта амортизацияға жатқызылады. Ашылуы
Тармақ 27
27. Қаржылық есепте мыналар ашылуы тиіс:
Тармақша 1
1) Брокер-дилердің өз ақшасы және қажеткердің ақшасы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына енгізілген қаржылық инвестициялар, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, салымдық сертификаттар, ұйымдастырылған нарықтағы саудаға жіберілген бағалы қағаздар, ұйымдастырылған нарықтағы саудаға жіберілмеген бағалы қағаздар, Нью-Йорк, Токио және Лондон қор биржаларында саудаланатын бағалы қағаздар, Ресей Федерациясының қор биржаларында саудаланатын бағалы қағаздар, жергілікті өкімет органдарының бағалы қағаздары, мемлекеттік емес несиелік міндеттемелер;
Тармақша 3
3) бағасы жарияланған нарық бағасынан төмен бағаланған қаржылық инструменттер;
Тармақша 4
4) дебиторлық қарызға жатқызылған елеулі сомалар: брокер-дилерлерден алынатын шоттар, қажеткерлерден алынатын комиссиялық сома, кері РЕПО әрекетіне байланысты қарыздар;
Тармақша 5
5) кредиторлық қарызға жатқызылған елеулі сомалар: брокер-дилерлерге төлем жасайтын шоттар, РЕПО әрекетіне байланысты қарыздар, қысқа сауда әрекетіне байланысты қарыздар;
Тармақша 6
6) брокерлік қызмет көрсету бойынша түскен комиссиялық табысқа, инвестициялық әрекет бойынша түскен табысқа, кеңес беру қызметі бойынша түскен сыйлыққа, сыйлық (мүдделілік процент) түріндегі табысқа енгізілген елеулі сомалар;
Тармақша 7
7) Брокер-дилер тарапынан атаулы иегер қызметі жүргізілетін қажеткерлердің саны;
Тармақша 8
8) қаржылық инструменттер баламаларының шартты түрдегі негізгі сомасы;
Тармақша 9
9) брокер-дилер тарапынан қажеткерлерге тигізілген залалды орнына келтіруге жұмсалатын сома. Күшіне ену мерзімі
Тармақ 28
28. Бухгалтерлік есептің осы Ережесі (стандарт) 1999 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.