О внесении изменений и дополнений в решение 26 сессии районного маслихата № 203 от 23 июня 2006 года "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций и порядка исчисления совокупного дохода семьи (лица), при назначении жилищного пособия" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" N 203 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй–коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" N 203 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-15-33 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 шілдедегі "Сельский труженик" газетінің N 30 (6993) санында жарияланған), (әрі қарай - Қағида), келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қағиданың кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 қаулысына" сөзінен кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй–коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 1 тармақта 1 тармақшасында: "тұрғын үйді ұстауға" деген сөзден кейін "кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 2 тармақта: "тұрғын үйді ұстауға" деген сөзден кейін "кондоминум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын; "20" саны "18" санына ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 3 тармағы: келесі мазмұндағы 4 тармақшасымен толықтырылсын: "4) Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың кондоминиум объектісін жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасауға жұмсалатын қаражаттары кондоминиум объектісінің жалпы көлемінен жәрдемақы алушының жеке меншік көлемінің теңдігі жолымен анықталады. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасау пәтерлердің иелерімен жалпы жиналыста бекітіледі".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңдылықтары мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы И.Л. Зиньковский).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.