О внесении изменений и дополнений в решение 26 сессии районного маслихата № 203 от 23 июня 2006 года "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций и порядка исчисления совокупного дохода семьи (лица), при назначении жилищного пособия" Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" N 203 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй – коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" N 203 шешімінің қосымшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-15-33 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 шілдедегі "Сельский труженик" газетінің N 30 (6993) санында жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі "Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" N 203 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 35 сессиясының N 278 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі – 8-15-73 болып тіркелген, "Сельский труженик" газетінің 2007 жылғы 18 тамыздағы N 33 (7049) санында жарияланған), келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2 тармақта:
"18" саны "15" санына ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 6 тармақта:
"Отбасы құрамында немерелері, балалары тұратын зейнеткер үй иелеріне жәрдемақы балалары мен немерелерін есептемей тағайындалады" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 33 тармақта:
келесі мазмұндағы 13 тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 13
"13) мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақтың құны мен "Жалпыоқыту" қорынан көрсетілетін көмек, аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай түрінде азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты көрсетілетін көмек".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңдылықтары мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.