О внесении дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 26.02.03 г. № а-2/68 «О создании Совета по делам инвалидов» Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылдың 26 ақпанындағы «Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңес құру туралы» № а-2/68 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 11 шілдесіндегі №803 «Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды қоғамға біріктіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылдың 26 ақпанындағы «Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңес қүру туралы» № а-2/68 әділет басқармасында 2003 жылдың 17 наурызында № 1612 болып тіркелген қаулысына мына толықтырулар енгізілсін:
Мүгедектер ісі жөніндегі Ережеге:
1 тармақтың бірінші бөлігі «мүгедектерді әлеуметтік қорғауда» сөздерінен кейін «және кемтар балаларды» сөздерімен толықтырылсын;
1 тармақтың екінші бөлігі мына басылымда берілсін:
«Өзінің қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республиксындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын, 2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді сауықтыру жөніндегі облыстық бағдарламаны, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады»;
2, 3, 4 тармақтар «мүгедектерді» сөзінен кейін «және кемтар балаларды» сөздерімен толықтырылсын;
Көрсетілген қаулының 1 қосымшасына:
Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің дербес құрамына мүше болып енгізілсін:
Беляева Татьяна Георгиевна Кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
Сапаров Аманжол Аққошқарұлы Щучье аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі.