О внесении изменений и дополнений в Инструкцию Главной налоговой инспекции Министерства финансов Республики Казахстан "О порядке исчисления и уплаты налога на добавленную стоимость" от 26.06.95 г. № 37 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының "Қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" 26.06.95 ж. N 77 Нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.95 ж. Заң күшi бар N 2703 Жарлығын орындау мақсатында жоғарыда аталған нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi:
Тармақ 1
1. IV тараудың 12-тармағындағы "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштiң" (төменде келтiрiлген есептеу мысалдарына сәйкес) деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. IХ тараудың 31-тармағы:
мынадай мазмұндағы жаңа 8) тармақшасымен толықтырылсын:
Тармақша 8
"8) геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстары";
Тармақша 8
8), 9), 10) тармақшалары тиiсiнше 9), 10), 11) тармақшалар болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 12
"12) бюджет қаржылары есебiнен сатып алынған және мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сырттан әкелетiн тауарлар импорты, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк кредиттiк арналар бойынша сатып алынған тауарлар импорты".
Тармақ 3
3. ХIII тарау және 38- тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. ХҮIII тарауда:
54-тармақтың бiрiншi абзацы "тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жабдықтар мен дәрi-дәрмектердiң импорты бойынша қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есепте тұрған салық төлеушiлер төлеуге тиiстi қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 55-"а" тармақпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша жабдықтар мен дәрi-дәрмектердiң импорты жөнiндегi қосылған құнға салынатын салықты қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есепте тұрған салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы белгiлейтiн тәртiпте төлейдi.
Кеден органдары аталған тауарларды (жабдықтарды, дәрi-дәрмектердi) еркiн айналыс үшiн шығаруды салық төлеушi салық органы берген және оның қосылған құнға салынатын салық төлеушi ретiнде тiркелгенiн дәлелдейтiн анықтама берген жағдайда, сондай-ақ қосылған құнға салынатын салық жөнiнде салық декларациясында қосылған құнға салынатын салықтың кеден рәсiмдеуi кезiнде төленбеген сомасын көрсету жөнiнде мiндеттеме толтырғанда қосылған
құнға салынатын салық төлетпей жүргiзедi".
Тармақ 5
5. ХIХ тараудың 57-тармағындағы "ең төменгi айлық жалақы" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiш" (төменде келтiрiлген есептеу мысалына
сәйкес) деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 6
6. Осы өзгертулер мен толықтырулар 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.