О внесении изменений и дополнений в постановление Верховного Совета Республики Казахстан от 27 декабря 1994 г. "О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть)" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн" (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, заңды тұлғаларды қайта тiркеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Қаулы Етемiн:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысының 4-тармағының бiрiншi абзацы:
Тармақша 1
1) "Заңды тұлғалар" сөздерiнен кейiн "олардың филиалдары мен өкiлдiктерi" сөздерiмен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) "1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн" сөздерi "1997 жылғы 1 қаңтарға дейiн" сөздерiмен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.