О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 27 сентября 1996 г. N 3120 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 10.10.2006 N 198 Жарлығымен. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы ережеде:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың з) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 3 және 4-тармақтардағы "Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам" сөздері "адамдар" сөзімен алмастырылсын;
Тармақша 3
3) 3-тармақтың екінші абзацы: "- басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылғаны туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама" сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 5-тармақ мына редакцияда жазылсын: "Заңның 17-бабының 7-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш беруші адам басқа мемлекеттің азаматы болса өтініш қабылданбайды. Бұл норма адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарында ол ерікті түрде шетелдің азаматтығын алған жағдайда тиісті мемлекеттің азаматтығынан өзінен-өзі айрылуын көздейтін жағдайларда қолданылмайды";
Тармақша 5
5) 8, 9, 10, 21, 27 және 32-тармақтарда "Азаматтық бөліміне", "Азаматтық бөлімі" сөздері "Мемлекеттік-құқық бөліміне", "Мемлекеттік-құқық бөлімі" сөздерімен алмастырылсын;
Тармақша 6
6) 12-тармақта "тұрғылықты жеріндегі соттан" сөздері "Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетінің аумақтық органдарынан" сөздерімен алмастырылсын;
Тармақша 7
7) 13-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық ақпарат орталығынан" сөздері "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығы мен оның аумақтық бөлімшелерінен" сөздерімен алмастырылсын;
Тармақша 8
8) 18-тармақта "басқа азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін" сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.