О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1996 года N 646 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 2-тармақта: үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мұнай операцияларын жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, ал бiрлескен кәсiпорындар құру кезiнде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң келiсiмiмен"; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Табиғи ресурстарды өндiретiн кәсiпорындарды, олардың салалық тиесiлiгiне қарамастан жекешелендiру немесе мүлiктiк жалдау (концессия) жағдайында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi"; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "Кәсiпорындарды жекешелендiруге әзiрлеудi және инвесторлармен осы процеске қатысты келiссөздер жасауды тиiстi салалық министрлiктер жүзеге асырады деп белгiленсiн"; 5-тармақ 6-тармақ деп саналсын.