Об утверждении изменений и дополнений в "Положение о формировании собственного капитала накопительного пенсионного фонда в Республике Казахстан", утвержденное приказом Национального пенсионного агентства от 27 августа 1997 года N 2-П Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитеттiң нормативтiк актiлерiн "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестiкке келтiру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген (1997 жылғы 17 қыркүйектегi мемлекеттiк тiркелiм N 374), 1998 жылғы 22 мамырдағы N 68-Ө (1998 жылғы 3 шiлдедегі мемлекеттiк тiркелiм N 90) және 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 176-Ө (1999 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттiк тiркелiм N 674 ) бұйрықтармен өзгертiлген және толықтырылған "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капит
2. Заң бөлiмi (Лысенко Ю.Н.) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. Келісілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 1999 жылғы 14 қараша Бекітілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 15 қазанындағы N 83-Ө бұйрығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген (1997 жылғы 17 қыркүйектегi мемлекеттiк тiркелiм N 374), 1998 жылғы 22 мамырдағы N 68-Ө (1998 жылғы 3 шiлдедегі мемлекеттiк тiркелiм N 90) және 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 176-Ө (1999 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттiк тiркелiм N 674 ) бұйрықтармен өзгертiлген және толықтырылған "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Нормативтiк-құқықтық актiнiң атауы, оны мынадай редакцияда жазумен өзгертiлсiн: "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастыру жөнiндегi негiзгi талаптар туралы нұсқаулық":
Тармақ 2
2. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi, ол Жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - Қорлардың) өз капиталын қалыптастыру жөнiндегi негiзгi талаптарын айқындайды, Қорлардың комиссиялық сыйақыларының шектi мөлшерiн реттейдi, сақталуы мiндеттi болып табылатын жекелеген нақты нормативтердi белгiлейдi."
Тармақ 3
3. 1-тараудың атауындағы "жинақтаушы зейнетақы" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. 1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1.1 Қордың өз капиталына мыналар кiредi: жарғылық капитал:
Тармақша 1
1) жай акциялар;
Тармақша 2
2) артықшылық берiлген акциялар; төленген қосымша капитал; негiзгi қаражатты қайта бағалаудан төленбеген қосымша капитал; инвестицияларды қайта бағалаудан төленбеген қосымша капитал; резервтiк капитал; өткен жылдардағы бөлiнбеген табыс; есеп берiлген жылдағы бөлiнбеген табыс; мыналарды шегерiп тастағанда төленбеген капитал:
Тармақша 1
1) жай акциялар,
Тармақша 2
2) артықшылық берiлген акциялар; алынған капитал; өткен жылдардың өтелмеген шығындары; есеп берiлген жылдың өтелмеген шығындары."
Тармақ 5
5. 1.2-тармақтың екiншi абзацындағы "салымдары" деген сөз "жарналары" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 6
6. 2.1-тармақ "және басқа да кредиторлармен" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 7
7. 2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2.3
"2.3. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi: ашық қорлар үшiн 90 (тоқсан) миллион теңге сомасында, корпоративтiк қорлар үшiн 20 (жиырма) миллион теңге сомасында болып белгiленедi. Бұрын алынған уақытша лицензияның орнына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметке мемлекеттiк бас лицензияны алған Қорлар жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерiне қатысты талаптардың 1999 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi."
Тармақ 8
8. 2.4-тармақтың соңғы сөйлемiндегi "қор" деген сөз "капитал" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 9
9. 3-тармақтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3
"3. Қордың комиссиялық сыйақыларының шектi шамасы".
Тармақ 10
10. 3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3.1
"3.1. Қордың комиссиялық сыйақыларының шектi шамасы: зейнетақы жарналары сомасынан 1 (бiр) проценттен артық емес; зейнетақы активтерiн орналастырудан алынған инвестициялық табыс сомасынан 10 (он) проценттен артық емес болып белгiленедi."
Тармақ 11
11. 3.2-тармақтағы "жинақталған зейнетақы қаражатын басқа зейнетақы қорына аударуды және" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 12
12. 3.3-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 13
13. 3.4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "заңда белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 14
14. 4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 4
"4. Өз капиталын негiзгi қаражат пен басқа да материалдық емес активтерге салудың ең жоғарғы мөлшерi".
Тармақ 15
15. 4.1-тармақтағы "мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорлары және" деген сөздер алынып тасталсын, "мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары" деген сөздер "Қорлар" деген сөзбен ауыстырылсын, қаржы емес активтерге" деген сөздер "материалдық емес активтерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 16
16. 4-тарау мынадай мазмұндағы 4.2. және 4.3-тармақтармен толықтырылсын:
Тармақ 4.2
"4.2. Ай сайын, есеп берiлiп отырғаннан кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей Қорлар Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетке өз капиталын негiзгi қаражат пен басқа да материалдық емес активтерге салу мөлшерi туралы қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлiметтер тапсырады."
Тармақ 4.3
"4.3. Тапсырылған мәлiметтердiң дұрыстығына Қор толықтай жауап бередi." _________________________ Нұсқаулыққа қосымша ЖЗҚ атауы _________________________ ЖЗҚ коды _________________________ Мекен-жайы _________________________ СТН _________________________ Өз капиталын негізгі және басқа да материалдық емес активтерге салу мөлшері туралы мәліметтер 199__ж. "_______"________________жағдай бойынша мың теңгемен ____________________________________________________________________ N р/с Баптар Сомасы ____________________________________________________________________ Материалдық емес активтер 1 Алғашқы құны (101-106 шоттар) 2 Тозу (111-116 шоттар) 3 Қалдық құны (1-2 ж.) Негізгі құжаттар:                                        0 4 Алғашқы құны (121-126 шоттар) 5 Тозу (131-134 шоттар) 6 Қалдық құны (4-5 ж.)                                     0 ____________________________________________________________________ 7 Негізгі қаражатқа және басқа материалдық емес активтерге жиынтық салымдар (И)* (3+6)                   0 ____________________________________________________________________ 8 Жарғылық капитал (501-503 шоттар) жай акциялар (501-503 шоттар) артықшылық берілген акциялар (501-503 шоттар) 9 Алынған капитал (521 шот) 10 Төленбеген капитал (511 шот) жай акциялар (511 шот) артықшылық берілген акциялар (511 шот) 11 Қосымша төленген капитал 12 Негізгі қаражатты қайта бағалаудан төленбеген қосымша капитал (541-543 шоттар) 13 Инвестицияларды қайта бағалаудан төленбеген қосымша капитал (541-543 шоттар) 14 Резервтік капитал (551-552 шоттар) 15 Бөлінбеген табыс (өтелмеген шығын) өткен жылдардың (562 шот) есеп берілген жылдың (561 шот) ____________________________________________________________________ 16 Жиынтық өз капиталы (СК) (б.8-9-10+11+12+14+15) 0 ____________________________________________________________________ 17 Н=И/СК болғандағы өз капиталын (Н) салу мөлшері ____________________________________________________________________ * ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек шоттары, яғни лизингке алынған негізгі қаражаттар мен жалданатын құралдар мен материалдық емес активтердің құны. Басшы          _____________________ Бас бухгалтер  _____________________ орындаушы