Об утверждении изменений и дополнений в "Инструкцию об основных требованиях по формированию собственного капитала накопительных пенсионных фондов в Республике Казахстан", утвержденное приказом Национального пенсионного агентства от 27 августа 1997 года N 2-П Күшін жойған
Басқа 0
Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастырудың негізгi талаптары туралы нұсқаулыққа" өзгерiстерiн және толықтыруларын бекiту туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң өсу қарқыны ұлғайған жағдайларда жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуы жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету үшiн БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы
зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастырудың негiзгi талаптары
туралы нұсқаулыққа" берiлген өзгерiстер және толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң бөлiмiне (Ю.Н. Лысенко) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркелсiн.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрімен
КЕЛІСІЛГЕН
"____"________________2000ж.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 17 қыркүйек 1997 ж., N 374), бұйрығымен бекiтiлген, 1998 жылғы 22 мамырдағы N 68-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 3 шiлде 1998 ж., N 90), 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 176-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 22 қаңтар 1999 жыл N 674) бұйрықтарымен өзгертiлген және толықтырылған және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақ
Қазақстан Республикасы еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін
реттеу жөніндегі комитетінің
31.01.2000 жылғы N 9-Ө
бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 17 қыркүйек 1997 ж., N 374), бұйрығымен бекiтiлген, 1998 жылғы 22 мамырдағы N 68-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 3 шiлде 1998 ж., N 90), 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 176-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 22 қаңтар 1999 жыл N 674) бұйрықтарымен өзгертiлген және толықтырылған және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң 1999 жылғы 15 қазандағы N 83-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 21 желтоқсан 1999 ж., N 1005) бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастырудың негiзгi талаптары туралы нұсқаулыққа" Өзгерiстер және толықтырулар
Тармақ 1
1. 2-бөлiм, 2.3. тармақ, екiншi жаңа жолы. "90 (тоқсан)" деген сан мен сөз "180 (жүз сексен)" дегенмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 2-бөлiм, 2.3. тармақ, үшiншi жаңа жолы. "20 (жиырма)" деген сан мен сөз "50 (елу)" дегенмен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. 2-бөлiм, 2.3. тармағы "1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн" деген сөздер "2000 жылдың 1 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.