О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 27 марта 1997 г. N 3432 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңының 6-бабына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 314-құжат) сәйкес қаулы етемiн: "1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 89-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Жарлықтың қосымшасында: "Өзбекстан Республикасының" деген бағанның "Оңтүстiк Қазақстан облысы" деген жолындағы "150" деген сан "135" деген санмен ауыстырылсын; "Өзбекстан Республикасынан" деген бағанның "Жиыны" деген жолындағы "400" деген сан "385" деген санмен ауыстырылсын; "Монғолиядан" деген бағаннан кейiн мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын: "Сауд Аравиясы Корольдiгiнен"; "Сауд Аравиясы Корольдiгiнен" деген бағандағы "Оңтүстiк Қазақстан облысы" деген жол "15" деген санмен толықтырылсын; "Сауд Аравиясы Корольдiгiнен" деген бағандағы "Жиыны" деген жол "15" деген санмен толықтырылсын.