О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1997 года N 885 и от 29 июля 1998 года N 714 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 және 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 203-құжат): тақырыбында және мәтiнiнде "лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi", "лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесiн", "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ережеде: тақырыбында "лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта ", ал көлiк құралында осы қызметтiң түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын есеп құжаты" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi (лицензиар)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң органдары (бұдан әрi - лицензиар)" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Лицензиялар теңiз және өзен көлiгiндегi қызметтің мынадай түрлерiне берiледi: жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға; қауiптi жүктердi тасымалдауға. Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi: жүктердi тасымалдауға - "Жүк"; жолаушыларды тасымалдауға - "Ж"; қауіпті жүктерді тасымалдауға (қауіпті жүктің түрі көрсетіледі) - "ҚЖ". Қолданылу мерзiмiне және қызметiнiң көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн: басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бір қызмет түрiмен айналысуға; бір жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға."; 9-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "16. Екi және одан көп көлiк құралдарының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия ресiмдеу кезiнде әрбiр көлiк бiрлiгiне лицензияның бар екенін растайтын құжат берiледi."; 22-тармақта: төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған бір түрдегi заңды тұлғаның екiншi түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдастыру-құқықтық, нысаны өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;"; мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жасалған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "лицензияны лицензиарға ерiктi түрде қайтарған."; 23-тармақ алынып тасталсын; мемлекеттiк тілдегi мәтiнде "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, 24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген;";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Лицензиялар қызметтiң мынадай түрлерiне берiледi: жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға; қауiптi жүктердi тасымалдауға. Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi: жүктердi тасымалдауға - "Жүк"; жолаушыларды тасымалдауға - "Ж"; жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға - "ЖүкЖ"; қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктiң түрi көрсетiледi) - "ҚЖ". Лицензияда, сондай-ақ оның қызметiнiң аумақтық саласы көрсетiледi: iшкi тасымалдар; ауданаралық (қалааралық) тасымалдар; облысаралық тасымалдар; халықаралық тасымалдар. Қолданылу мерзiмiне және қызмет көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн: басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға; бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға."; 8-тармақтың жетiншi абзацы және 10-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.