О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 марта 1997 года № 3432 "О квоте иммиграции на 1997 год" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1997 жылғы көшiп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыз № 3432 Жарлығын жүзеге асыру туралы "1997 жылғы көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылдың 27 наурызындағы № 3432 Жарлығын жүзуге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала мен аудандарға көшiп келушiлердiң 260 отбасы квотасының бөлiнуi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Кала мен аудан әкiмдерi: - көшiп келушiлердi қабылдауды, орналастыруды, жайғастыруды және олар үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн; - белгiленген тәртiппен босқын-репатрианттардың тұрғын үй салуына және шаруашылық қызметпен айналысуына арналган жер учаскелерi бөлiнсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмшiлiгiнiң iшкi iстер басқармасы (Сұлтанов) босқын-репатриантардың облыс аумағы бойынша жүру жолында және қоныстанған жерлерде жеке бастары мен мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн; - босқын-репатрианттарды дер кезiнде тiркеу мен тұруға, және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау департаментi (Момынов) облыстың санитарлық-эпидемиялық станциясы (Торғауытов) көшiп келушiлердi мiндеттi түрде байқаудан өткiзудi, қажеттi дәрiгерлiк көмек көрсетудi және емдеу мақсатында профилакториялық мекемелерге бекiтудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң бiлiм департаментi (Байғутов) қажет болған жағдайда көшiп келушiлердi кәсiптiк оқу орындарына өтпелi оқу жоспарлары бойынша және қысқа мерзiмдi бойынша оқытуды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасы (Қуанышбеков) көшiп келушiлердi жұмыспен тиiмдi қамту мақсатында қайта дайындау, мамандықтарын арттыру шараларын қабылдасын. Жұмыс iздеп келген босқын-репантрианттарды дер кезiнде қажеттi құжаттарын рәсiмдесiн.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (Жылқышиев) көшi-қон шараларын ұйымдастыру және бейiмделу пунктiн ұстау үшiн қаржы бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмшiлiгiнiң еңбек және халықты әлеуметтiк сақтау жөнiндегi Бас басқармасы (Қосмамбетов), көшiп келу мәселелерiң үйлестiру жұмыстарын және осы шешiмнiң орындалуы туралы әр тоқсан сайын облыс әкiмшiлiгiне ақпар берiлiп жүмысын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiн бiрiншi орынбасары В.К. Колесниченкоға жүктелсiн.
Басқа 10
Қосымша Шет елдерден көшiп келудiң 1997 жылға арналған КВОТАСЫ NN:Көшiп келушiлер: Иран Ислам : Қытай Халық :Ресей Федера:Тәжiк:Түрiк:Турiк:Өзбек:Барлығы жiберi- : : : :респ.:менс-:респ.:респ : летiн аудандар : респуб- : респуб : циясынан : :таннан : : мен қалалар : ликасы- : ликасы : : : : : : : нан : нан : : : : : : 1. Мақтаарал 10 10 50 70 2. Сарыағаш 5 10 10 30 100 155 3. Ордабасы 10 10 4. Шардара 25 25 Жиыны: 25 5 20 20 10 30 150 260