О внесении изменений в решение акима Костанайской области от 27 мая 1998 года № 86 «О закреплении и комплексном использовании рыбохозяйственных водоемов» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 27 мамырдағы № 86 «Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту және кешенді пайдалану туралы» шешімінe өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.11.2009 № 394 қаулысымен.
Жануарлар және өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылаудың Қостанай облыстық аумақтық басқармасы мен Қостанай облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 38-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 27 мамырдағы № 86 «Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту және кешенді пайдалану туралы» шешімінің көлемі 121 га Алтынсарин ауданының Тұрантайкөл көлін Алтынсарин ауданының аңшылық қоғамына бекіту бөлімінің күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес су айдынын қайта бекіту ұсынылсын.