О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 1999 года N 1258 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде: 34-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: "6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға; 7) этил спиртiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiбiн сақтауға;" 35-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: "9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге; 10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.