О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 657 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) Жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет;"; 2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде: 10-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) жұмылдыру дайындығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;"; 11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: "15-1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылық;".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.