О внесении дополнений в решение акима области от 27 ноября 1999 года № 257 «Об утверждении ставок платежей в областной Фонд охраны окружающей среды на 2000 год» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 1999 жылғы 27 қарашадағы «Қоршаған қорғау облыстық Қорына 2000 жылы төленетін төлем мөлшерін бекіту туралы» № 257 шешіміне толықтырулар енгізу туралы 2000 жылы табиғатты қорғау іс-шараларына елеулі мөлшерде қаражат жұмсалғанын ескере отырып және айналады ортаны ластағаны үшін аұы өндіріп алу құзыры шеңберінде "Богатырь Аксес Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарамағындағы "Северный" кенішінің жұмысын тұрақтандыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2000 жылға арналып белгіленген лимиттер шеңберінде айналадағы ортаны ластауына байланысты төлеммен есептесу үшін облыс әкімінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 54, 2000 жылғы 19 шілдедегі № 164, 2000 жылғы 28 шілдедегі № 179 шешімдерімен енгізілген толықтыруларды ескере отырып, облыс әкімінің 1999 жылғы 27 қарашадағы "Қоршаған ортаны қорғау облыстық Қорына 2000 жылы төленетін төлем мөлшерін бекіту туралы" № 257 шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген 1-қосымшаның: "Атмосфераға шығатын ластаушы заттар қалдығы" атты 1-тармағының 2-және 5-бағандары мына мазмұндағы алтыншы азат жолмен толықтырылсын: "Богатырь Аксес Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарамағындағы "Северный" кешені", "56,8"; 5-тармақтың "2) ашу және тау қалдықтары" атты 2-тармақшасының 2-және 5-бағандары мына мазмұндағы төртінші азат жолмен толықтырылсын: "Богатырь Аксес Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарамағындағы "Северный" кешені", "3,4".
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2000 жылғы қазанның 1-нен бастап күшіне енеді.