О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 и от 15 ноября 1999 года № 1713 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 және 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
Тармақша 1
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекiтiлген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігі" бөлiмi мен реттiк нөмiрi 227-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.24. № 1307 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.