О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 2000 года N 806 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.10.06. N 965 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 285-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiнде:
1-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
оныншы және он бiрiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
3-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
он бiрiншi және он екiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға іргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
6-тармақтың бiрiншi абзацындағы "көмекке көзделген" деген сөздерден кейiн ", шығыстар нормативтерi негiзiнде есептелген" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
он үшiншi және он төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
8-тармақтың жетінші абзацындағы "көмекке көзделген" деген сөздерден кейін ", шығыстар нормативтері негізінде есептелген" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.