О внесении изменений в решение акима Костанайской области от 27 июня 2000 года № 132 «О совете по связям с религиозными объединениями при акиме Костанайской области», регистрационный № 342 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 132 «Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, тіркеу № 342 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 14.09.2005 № 40 шешімімен. Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 132 «Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндеғі кеңес туралы» шешімін, тіркеу № 342 Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдық құрылымына сәйкестендіру мақсатымен ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 132 «Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес туралы» шешіміне (тіркеу № 342, «Қостанай» газетінің 2000 жылғы 25 шілдедегі № 58, «Қостанай таңы» газетінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № № 63, 64 сандарында жарияланған) өзгерістер енгізілсін;
Тармақ 2
2. Ереженің ІІІ-тарауындағы 8-тармағы жаңа редакцияда берілсін: «Кеңес төрағасының орынбасары және атқарушы хатшысы жергілікті мемлекеттік органдармен және діни бірлестіктермен байланысты жүзеге асырады, Кеңестің отырыстарын, құқық актілерін, ақпараттарды дайындауды жүргізеді»;
Тармақ 3
3. Шешімнің 2, 4-тармақтарының және шешімнің 1-қосымшасының күші жойылды деп танылсын.